Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл, ай, апта

05 ақпан 2012, Жексенбі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Жыл, ай, апта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жыл мезгілдеріне, ай, апта күндері бойынша сөздік қор жинап, қалыптастыру, меңгерту.
Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдысын сөздік қор жинау арқылы қалыптастырып, сауатты және дұрыс сөйлеуде қолдануға үйрету. Жинаған сөздік қорын өмірдегі жағдаяттарда пайдалана алу үшін әр түрлі әдістер қолданып, тілдесім әрекетін жандандыру.
Тәрбиелік:оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- әнұран
- оқушыларды түгендеу
- назарларын сабаққа аудару
- бір-біріне бүгінгі сабақта жақсы тілектер айтқызу (слайд №1)

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазып келу.
Жұптық жұмыс. Дәптерлерімен алмасып, бір-бірін тексереді (слайд №2-6)
дұрыс дұрыс емес

Мен кеше мектепке бардым.
Сен кеше стадионға бардың.
Ол ертең дүкенге барады.
Мен қазір үшінші сыныпта оқимын.
Мұғалім бүгін тақтаға жазды.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
-мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі;
- оқушылар жаңа сөздерді топпен, жұппен,кезекпен оқиды;
-жаңа сөздерден сөйлемдер құрау
Жыл мезгілдері – времена года
Каникулда – на каникулах
Суық – холодный
Ыстық – жарко
Жылы – тепло
Салқын – прохладно
Оқулықпен жұмыс
«Жыл мезгілдері» тақырыбына берілген суреттер бойынша сөз тіркестерін жасау. Сұрақ-жауап ұйымдастыру. Осы тақырып бойынша оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін жандандыру және білімдерін байқау. (слайд № 9-17)
Топпен жұмыс (слайд №18)
Қашан? деген сұрақ бойынша төрт жыл мезгілі туралы оқушыларды топқа бөліп жұмыс жасату. Тапсырманы сайыс түрінде орындату. Ең көлемді, мазмұнды әңгімелерді атап өту. Оқушыларға уақытылы қолдау жасау.
1-топ: қыс
2-топ:көктем
3-топ: жаз
4-топ:күз
«Ойлан, тап» ойыны. (слайд №19)
«Желтоқсан» сөзінен бірнеше сөз ойлап жазу
Мысалы, жел,сан, ел, же, тоқсан,тоқ, оқ.

Жұптық жұмыс
3-тапсырма.
Жеке жұмыс ретінде бастап, жұптық жұмыспен жалғастыру. Тапсырманы орыс тілінде аудартып, түсініктерін тексеру.
Үлгі:
Мен қыста саябаққа барамын.
Мен жазда лагерьге барамын.
Мен күзде мектепке барамын.
Мен көктемде стадионға барамын.

Сергіту сәті
«Саққұлақ» ойыны.
Балалардың біреуі бір сөзді екінші отырған балаға сыбырлап бір рет айтады, ол келесіге айтады. Осылайша біріне-бірі сыбырлайды. Ең соңғы бала орнынан тұрып, естіген сөзін айтады.
Егер сөз бастапқы айтылғандай жетсе, соңғы бала бірінші болып ойынды бастайды. Егер қате айтылса, соңғы баладан бастап естіген сөздерін сұрап, қате естіген бала айып тартады.
4-тапсырма
Берілген әр маусымның ай атаулары бойынша топтық жұмыс жүргізу. Әр топқа төрт жыл мезгілінің ай атауларын бөліп тапсыру.

Сабақты бекіту
«Топтай біл» ойыны
Төменде берілген сөздерді тиісті бағанға жаз
Қар, сары жапырақ, ыстық, жаңа жыл, қыркүйек, жылы, алма піседі, құстар ұшып келеді.
қыс көктем жаз күз

Сабақты қорытындылау
5-тапсырмадағы сөзжұмбақ бойынша сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.
Сөз жаттау. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында шығарма жазу. Сурет салып келу
Бағалау.
Қоштасу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диктант. Қыс туралы.
Диктант. Қыс туралы.
оқушылардың дыбысты есту қабілеттерін тексеру, дұрыс жаза білуге баулу; ә) оқушыларды сөздерді сауатты әрі әдемі жазуға үйрету; білімдерін тексеру;
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қыс
Қыс
Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету. Тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру
Бассейнде
Бассейнде
Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, оқушыларды тілдесім әрекетіне жетелеу.
Етістіктің шақтары
Етістіктің шақтары
Өткен сабақта үйретілген сөздерді, осы шақ, келер шақ, өткен шақтың сөздерін еске түсіріп ойын жасау
Атам мен әжем
Атам мен әжем
Атам мен әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×