Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс

17 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қыс
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың «Қыс» тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
2) Дамытушылық: тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, «Күз», «Қыс»
Тақырыптарына байланысты суреттер, автобус (қағаз).
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Сабақтың әдісі: Ойын әдісі, автобуспен саяхат жасау, сөйлеу.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Фонетикалық жаттығу: Алға бір адым, артқа бір адым
Отырамыз, тұрамыз.
Сабақта «бес» аламыз.
Ал енді балалар, мына жұмбақты шешімін табыңдар.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс», мақсатымыз «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді білу, ол сөздерді дұрыс оқып, айта білу.
Балалар, біз бүгін «Қысқы әлемге саяхат» жасаймыз. На этом автобусе по путешествуем. Аялдамаларда тоқтап, білімдерімізді тексереміз. Балалар саяхатқа дайынсыңдар ма?
Бұл саяхатқа кімдер барады екен? Танысып қоялық.
Сенің атың кім?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Сен қайда тұрасың?
Ал енді автобусқа мінелік, дұрыс отырыңдар.
Сөздік жұмысы.

1 - аялдама «Сөздік алқабы».
Оқушылар «Қыс» тақырыбына байланысты сөздерді мұғалімнен кейін қайталайды (хормен бір - бірден).
2 - аялдама «Күз».
а) Күз айларын атаңдар.
б) Күзде не болады?
Жаңбыр жауады. Жапырақ сарғаяды. Күн салқындайды.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қауын, қарбыз, алма, алмұрт піседі.
Кім «Күз» туралы өлең оқиды?

3 - аялдама «Қыс».
Оқулықтың 67 бетіндегі «Қыс» мәтінін оқу, аудару.
«Қыс» туралы өлең, жұмбақ айту.

4 - аялдама «Киім дүкені». Балалар, дүкенде қысқы жылы киімдер бар екен. Суреттерді көрсету, балалар киімдерді атап береді.
Сергіту сәті: Бала, бала, балақан
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт
Былай - былай ойнат.

5 - аялдама «Орфография мұражайы». Мұражай қызметкерлері мынадай тапсырма дайындап қойыпты. Сөйлемдерге қажетті сөздерді тауып, дұрыс қойыңдар.
Қыс айлары: желтоқсан,......, ақпан.
Адамдар үстіне......... киеді.
Адамдар қолына......... киеді.
Адамдар аяғына......... киеді.
Қыста...... жауады.
Қыста...... қатады.

6 - аялдама «Құттықтау алаңы». Оқушылар мерекелерді атап, қонақтарды құттықтайды.
Сабақты бекіту.
Оқушылармен бірге сабақта жасалған жұмысты қорыту.
Оқушылардың еңбегін бағалау.

Петропавл каласы,
Мағжан Жұмабаев ауданы, Бастомар Орта мектебі
Габдуллина Шолпан Амангельдиевна
10 553
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Қызыл бет. Антоним
Қызыл бет. Антоним
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру Сабақтың көрнектілігі: Саяхат картасы, қыс, тақырыпқа байланысты суреттер, автобус (қағаз).
Қысқы табиғат
Қысқы табиғат
Сабақтың тақырыбы: Қысқы табиғат
Қыс. Сын есім
Қыс. Сын есім
Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Маншук
Жолаушы
Жолаушы
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Архангелка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кузинбаева Тендык Исымовна
Армысың, қыс қонақ!
Армысың, қыс қонақ!
Қоңырова Нағира Аманқызы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің МАД «Б» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×