Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаусыз мүшелер

20 қараша 2018, Сейсенбі
Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Мақсаты: Тұрлаусыз мүшелер туралы түсінік беру, сөйлем ішінен тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қоя білуге үйрету.
- Оқушылардың ақыл - ойын, логикалық ойлауын дамыту.
- Сауатты, көркем жазуға, ұстамдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: кесте, сызбалар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
65 - жаттығу оқыту
Миға шабуыл.
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
Ой қозғау.
Сәуле кітапханаға келді. Оқушылар сыныпқа кірді.
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз.

- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Тұрлаусыз мүшелер
Оқулықпен жұмыс.
Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан:
анықтауыш;
толықтауыш;
пысықтауыш.

66 - жаттығу.
Жадыра келді. Жадыра қалаға келді. Қайда?
Қоңырау соғылды. Қоңырау қайта-қайта соғылды. Қалай?
Мал өсті. Мал төлден өседі. Неден?
Су ақты. Су арықпен ақты. Немен?

1 - ші бағандағы сөйлемдер тек тұрлаулы мүшелерден құралған
2 - ші бағандағы сөйлемдер тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден құралған.

Жаңылтпаш жаттау. Кім шапшаң?
Жағажай,
Жағажайда Қамажай
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
Жаңылтпашта қай дыбыс көп кездесіп тұр?
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Ж Ж ж ж
Жарас, Сәтжан, Нұржан, нәтиже, енжар, Рымжан, Нұржігіт, Тоғжан.
Жаттығулар орындау Жауап парақшағымен жұмыс.
67 - жаттығу
Әсия гүлді ұнатады. Әдемі гүл өсті. Біз ұшаққа міндік. Ұшақ әуежайға қонды. Жарастың бригадасы жұмысқа кірісті. Дастарханды дәмді тағамға толтырды.
68 - жаттығу. Жатқа жазу.
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
69 - жаттығу. Шығармашылық жұмыс
Гүл өсті. Мен гүлді өсірдім.
Көбелек қонды. Мен көбелекті ұстадым.
70 - жаттығу.
Тасбақа мен тышқан келе жатты. Олар түлкіні көрді. Тышқан інге кіріп кетті.
Тапсырмалар орындау.
Тұрлаулы мүшелерді қызыл ұяға, тасбақа, тышқан, келе жатты, олар, көрді, тышқан, кіріп кетті.
тұрлаусыз мүшелерді көк ұяға кіргізу. түлкіні, інге.

Қорытынды:
- Бүгін біз сөйлемнің қандай мүшелерімен таныстық?
- Тұрлаусыз мүшелер қандай сұрақтарға жауап береді?
«Орныңды тап» ойыны.
Мына сөздердің тұрлаулы, тұрлаусыз екенін айыр.
Оқушы, келді, ұшақты, балаларға, кітап, секірді, ұшты, сызғыш, машина, қонды, Әлия, кеше, кемеге, киімді, қалаға, сары, ертең, ақ, төрге
- Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Үйге: 71 - жаттығу. 93 бет.
Бағалау.
Тұрлаусыз мүшелер жүктеу
5 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Гульнар Ернесовна
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты.
Сөйлем мүшелерін қайталау
Сөйлем мүшелерін қайталау
Исмагулова Бекзат Мейрамқызы Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×