Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс тамақтану режимі

16 мам 2019, Бейсенбі
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану режимі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстырып, меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт — дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба «тамақтанудың негізгі ерекшелігі», «Адам ағзасына қажетті тағамдық заттар», мақал — мәтел, буклеттер асқа арналған.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Бекіту бөлімі
5. Оқушылардың білімін бағалау
6. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, түгендеп журнал толтыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. (алдарына үйден дайындап әкелген астарын және топты қорғау ұранын қою)
1 топ. «Нан астық басы, құдіреті, әрі символы» бұл топ оқушылары ұннан тағамдар даярлап әкеледі.
2 топ. «Дәрумендердің көзі — көкөністе» жеміс — жидек, көкөніс әкеледі.
3 топ. Ет, жұмыртқа, құс еті, балық «Ет қажетті нәруыздар»
4 топ. Сүт, айран, қымыз, шұбат, құрт «Ақты көп ішсе, ұзақ жасайсың».

2. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге «Ас» туралы, «денсаулық», «еңбек» туралы мақал-мәтел тауып, мағнасын ашып айту.
1 топ.
Нұрлан: Ас атасы — нан

Данияр: Арпа, бидай ас екен
Алтын, күміс тас екен

Гүлжан: Нанды астық атасы деп бағалаған қазақ.
Халқы оны барлық астын артық санаған.

Жанбота: Нанды бір қолмен үзбейді.
Нан үстіне зат қоймайды.

2 топ.
Шырай: Асты аяқ әдемі.
Айдана: Ас — адамның арқауы.
Мөлдір: Асбар жерде ауру жоқ.
Ерасыл: Дәрумендер көзі — жемісте.
Нұрбек: ішің ауырса аузыңды тый

3 топ.
Ерсін: Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіне кіреді.

Жарқын: Ет етке — сорпа бетке.

Аружан: Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
Айым: Сиыр сауып ішсең мың күндік,
Сатып жесең мың күндік.

4 топ.
Шырай: Қымызды кім ішпейді,
Қызға кім сөз айтпайды.

Элянура: Айран ішкен құтылады,
Шелек жоғалған тұтылады.

Алты жыл аш жүрсең де,
Ата салтыңды ұмытпа.

Назым: Ақты жерге төкпейді, ысыраптамайды.
Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

3. Жаңа тақырыппен таныстыру, мақсатын айту
Тамақтану мәдениеті дегеніміз — қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп — жей білу.
Адам тағамынан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне қарай қуат алуы тиіс. Егер адам мөлшерден тыс ішіп жесе, артық салмақ қосып, нәтижесінде қант диабеті, атеросклероз, жүрек ауруларына шалдығады. Алайда тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай - жапсары болуға тиіс. Адам ағзасында (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40 - 45 кг су, 16 - 17 кг нәруыз, 7 - 10 кг химиялық элементтен, 2, 5 — 3 кг минералды тұздар, 0, 5 - 0, 8 кг көмірсутегіден тұрады. Адамның ағзасы тағам түрлерінен дәрумендерді, биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек!
Дұрыс тамақтану режимі жүктеу
3 835
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас – адамның арқауы
Ас – адамның арқауы
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс тамақтану Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.
Дәмді әрі пайдалы
Дәмді әрі пайдалы
Дұрыс тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда.
Дәмді және пайдалы
Дәмді және пайдалы
Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді. Алған білімін алдағы күнде қолданады.
Сүт және сүт өнімдері
Сүт және сүт өнімдері
Сүт - дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам организмін А дәруменімен, В тобындағы дәрумендермен, С және Д дәрумендерімен толық қанағаттандыруға болады. Ең бағалысы жаңа сауылған сүт.
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×