Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұйрық рай

04 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Нарбекқызы А.

Сабақтың тақырыбы: Бұйрық рай
Сілтеме: 7 – сынып оқулығы Тұрсынова Г. Т., Қасымбек А. А.,
Жалпы мақсаты: Білімділігі: Рай категориясы туралы оқушылардың түсінігін дамыту, бұйрық райдың өзіне тән ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Оқыту нәтижесі: Грамматикалық категориялардың мәнін түсініп пайдалануға, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру
Негізгі идеялар: етістік түрлерін қолдану жолдарын үйрету.

. Ұйымдастыру
ІІ. Есіңе түсір (қайталау)
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру. Парақшалар арқылы үш топқа бөлу. Өзін – өзі бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Бағалау критерийлері
1. «Есіңе түсір» кезеңі – 10 ұпай
2.«Анықта» кезеңі – 10 ұпай
3 «Сынап көр» кезеңі – 10 ұпай
4. «Іске асыр» кезеңі – 10 ұпай
5. «Ойлан тап» кезеңі – 5 ұпай
6. «Нәтиже» кезеңі – 5 ұпай
Бағалау шкаласы
«5» — 40 – 35 ұпай
«4» — 34 – 30 ұпай
«3» — 29 – 25 ұпай
«2» — 24 – 0 ұпай

«Есіңе түсір»
Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан етістікті «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
1. Ашық рай дегеніміз не?
2. Киіз үй төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр. Берілген сөйлемдегі етістік қай шақта баяндалған?
4. Көсемше дегеніміз не?
5. Қалып етістіктерін ата.
6. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақ туралы не білесіңдер? Айырмашылығы мен ұқсастығы туралы баянда.
7. Етістіктің шақтары туралы не білесіңдер?

ІІІ. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
Жаңа сабақпен оқып, танысуға 10 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды.
Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір - біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір - біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Таныстырмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап аламын:

1. Етістіктің рай категориясы дегеніміз не?
2. Неше түрі бар?
3. Ашық рай дегеніміз не және қалай түрленеді?

. Ғылым таппай мақтанба.
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба.
Ойнап босқа күлуге...

Жіктелуі (әр топ бір етістікті алып жіктейді және сөйлем құрады

Бұйрық райдың өзіндік ерекшелігі: 1. Жіктік жалғаулары жалғану арқылы жасалады. І айтайын, айтайық ІІ айт, айтыңдар, айтыңыз, айтыңыздар ІІІ айтсын, айтсын
2. Етістіктің негізгі және туынды түбір тұлғасымен, етіс және болымсыз етістік тұлғаларымен сәйкес, ұқсас келеді.
Мысалы: кел, ойла, барғызба, сөйлет3. Етістіктің бұйрық рай түріне кейде – шы,- ші жұрнағы жалғану арқылы да жұмсалады.
Мысалы:
Мен алайын - алайыншы
Сен ал – алшы
Сіз алыңыз – алыңызшы
Ол алсын - алсыншы

184 - жаттығу (ауызша)
Бітейін, өсейін, қонайын, жина, бу, бар.
Тәуелдік жалғаулы зат есімдер: құлының, қозың, ұлың, қызың, өмірің, малшың.
Малшың сөзіне талдау жасау
*малшың
*зат есім
*туынды
*дара
*жалпы
*деректі
*тәуелдік формада (оңаша) ІІ жақ анайы
*кімің?
*бастауыш

185 – жаттығу мәтіннен бұйрық райды табу
Сергіту сәті (жүрек)
Мақалдың жалғасын тап, сәйкестендір

1. Досына өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.
2. Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.
5. Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда!

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.

Таспен атқанды аспен ат.

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма

Жаңа сабақты бекіту:
Қалпақ әдісі бойынша
Оқушыларды бағалау. Нысанаға дөп тигіз

Үйге тапсырма беру. 186 - жаттығу. Батаны жаттап, етістіктердің бұйрық райда тұрғанын дәлелдеңіздер.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
4 447
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Есімшенің түрленуі
Есімшенің түрленуі
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады: 1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталау
Етістіктің райларын қайталауға арналған
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрық рай іс - әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! Бір жаққа қаратылып, қимылдың іс - әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Жіктеу есімдігінің түрленуі
Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру.
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер
Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Тамара Жетписбаевна
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: өтілген материалдар жөнінде алған білімдерін пысықтауы, олардың грамматикалық белгілерін меңгеруі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×