Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Боран

14 қаңтар 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Боран
Сабақтың мақсаты: М. Әуезов өмірімен таныстыру, «Абай жолы» эпопеясының бір үзіндісімен, Абайдың боранда қалып қойған сәтімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
* «Боран» мәтінін оқып, негізгі ойды, идеяны ұғынуы тиіс;
* Мәтін бойынша тапсырмалармен жұмыс жасап, өз ойларын тұжырымдап жеке, топта жұмыс жасап, шығармашылықпен жұмыс жасауға, танымдық қабілетті дамытуда, ой - өрісін арттыруға ізденіс жұмыстарын жүргізуі тиіс;
* Ұлы адамдар өмірінен үлгі алуға, табиғаттағы өзгерістерді байқай білулері керек.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: «Жеміс салаты» ойыны, Рас, өтірік, миға шабуыл, топтастыру, серпілген сауалдар, Жиксо2, алты қалпақ.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Смайлдар, стикерлер, алтын ереже, үлестірме тапсырмалар, қалпақтар.
Пәнаралық байланыс Дүниетану
Күтілетін нәтиже: • Мәтіннің негізгі ойын түсінеді;
• Өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасап, шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттыратын жұмыстар жүргізеді;
• Топпен ережеге бағына жұмыс істеуді үйренеді.
Сабақтың кезеңі:
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Жеміс салаты» ойыны.
«Алтын ереже»
Жеміс салаты» ойынын жүргізіп, оқушылардың көңіл - күйін көтереді.
Қызығушылықты ояту сатысы
Топтық жарыс
Мәнерлеп оқу
Рас, өтірік
Қорыту
1. Абай ақын, сазгер, ағартушы, саясаткер, аудармашы. Рас.
2. «Жазғұтырым», «Күз» атты өлеңдерімен танысқанбыз. Рас.
3. Абай өмірден ерте озды. Өтірік.
4. Абайдың анасы Зере. Өтірік.
5. Ұлжан әжесі көп ертегі айтып берген. Өтірік.
6. Ақын қысты адамға теңеген. Рас.
7. «Абай жолын» М. Әуезов жазған. Рас.
8. Абай 45 қара сөзді жазған. Рас.
9. Абай балалардың оқуына қарсы болған. Өтірік.
10. Абайды көпшілік танымайды. Өтірік.

- Сонымен Абай Құнанбаев кім?
- Қандай өлеңдерімен таныспыз?
- Сонымен «Қыс» атты өлеңін кімге теңеп жеткізген?

Жаңа білімді меңгерту
Миға шабуыл
Мақсат қою
1. Сол өлеңде неге бет қарауға шыдамай теріс айналды деп айтылған?
2. Қыс мезгілі. Бұл мезгілде қандай табиғи құбылыстар болады?
3. Боран дегенде не елестейді, бір сәт боран боп тұрғандай сипаттайықшы.
4. Ендеше бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз «Боран». Осы сабақты қандай мақсатқа жету керекпіз. Анықтап алайық.
Серпілген сауалдар
Өмірбаянын таратып береді. Мұқият танысуды тапсырады.
- Әуезов кім?
- Қашан туылды?
- Қайда туылды?
- Қашан өмірден қайтты?
- Білім алған оқу орындары?
Топтастырып жібереді.
Жиксо 2
«Боран» атты мәтінмен танысу тапсырылады.

Сергіту
«кірпі» қара жорға
Балалар бейнежазбадан қайталап билейді.
Топтық тапсырмалар
1) 4 бөлікке бөліп түсінгендерін сұрайды.
... суық қатайғаннан... басып қалды.
... Абайдың..... шыдатарлық емес.
..... ығы кетіп.... шыдап болмады.
.... Қанша екені белгісіз.... азан салады.
2) 1. бірінші азат жолдағы суық түскенге дейінгі қар, суық түскеннен кейінгі қарды сипатта.
2. мәтіннен Абайдың мазасы кеткендігі туралы айт.
3. әңгімеден жазушының боранды неге теңегенін айт.
4. әңгімеге сүйеніп үсінуден қалай сақтануға болатынын айт.

Алты қалпақ
Осы әңгіме бойынша Абай атамыз бораннан аман - есен қорғанып үйіне жете алды деп ойлайсыңдар ма?
Әр бала өзіне берілген қалпақ түсіне қарай сөйлейді.

Қорыту
Ой толғаныс
Талапты табады, табанды жеңеді.
М. Әуезов.
Балалар бүгінгі мәтінге қатыстырып, ой қорытады.

Үйге тапсырма
Мәтінмен жұмыс
Мазмұндау
М. Әуезов реферат
Күнделік толтырады

Бағалау
Формативті, жиынтық бағалау
Бас бармақ.
Қай топтың жеңіске жеткенін анықтау.
Жеке - жеке алған смайликтері арқылы бүгінгі сабақты бағалау
Балалар сабақты қаншалықты түсінгендерін бас бармақ көрсету арқылы білдіреді.

Рефлексия
Кері байланыс
Не білдің? Не қиын болды? Бір сұрақ.
Балалар жазып, тақтаға іледі.
1 811
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Максим Зверев. Суықторғай
Максим Зверев. Суықторғай
Максим Зверевтің «Суықторғай» атты әңгімесін түсініп оқи отырып, құстардың қыстағы өмірімен таныстыру. Мәтінді оқи отыра табиғатты сүюге, аң - құсқа қамқорлық жасап, күтуге баулу.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
С. Көбеев «Екі соқа»
С. Көбеев «Екі соқа»
Оқушылардың өздерінің жер - анаға қандай қамқорлық жасап жүргендерін сұрай отырып, қорытынды жасату.
Абай мен Әбіш
Абай мен Әбіш
Бастауыш сынып мұғалімі Алимкулова Кымбат
Еңбекпен тапқан тиын
Еңбекпен тапқан тиын
Темиртаева Калдыкул Мейрамбековна Бастауыш сынып мұғалімі №53 мектеп-лицей Астана қаласы
"Боран" Мұхтар Әуезов
"Боран" Мұхтар Әуезов
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×