Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №4

20 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Сабақ тақырыптары:
41. «Тілек ағашы» «Ақылды ешкі» тақырыбына әңгіме құрау.
42. Сипаттау мәтіні.
43. Ауданның бірліктері және оның үлестері. Квадрат миллиметр. Гектар. Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табуға берілген есептер.
44. Жер беті қалай өзгереді? Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.
45. Шығарма «Ұстаз - ұлағатты ұғым».
46. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі.
47. «Мәнерлеп жүру».
48. «Аңыздар» Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай.
49. Пайымдау мәтіні.
50. Көлемнің бірліктері және оның үлестері. Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табуға берілген есептер.


Үлгі:
Математика
Сабақтың тақырыбы: Ауданның бірліктері және оның үлестері. Квадрат миллиметр. Гектар. Шаманың үлесін және үлесі бойынша шаманы табуға берілген есептер.
Сілтеме: Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Жалпы мақсаттар: Оқушыларда ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру; есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіру; интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиелеу
Оқыту нәтижесі
Оқушыларда ауданның жаңа өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптасады; есептеу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдылары жетіледі; интеллектуалдық қиындықтарды жеңе білу және өзін - өзі бағалай білуге тәрбиеленеді, топтағы сыныптастарымен достық ынтымақтастығын арттырады.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап әдісі, «Болжау кестесі», венндиаграмма
Көрнекілігі: кесте, суреттер, қосымша үлестірмелер: ватман, маркер, стикерлер

Ұйымдастыру кезеңі Ынтымақтастық атмосферасын құру
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Бағалау парақшасымен таныстыру
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Үй тапсырмасын пысықтау
№9 ауызша оқыту
Өткенді пысықтау:
Көркем жазу минуты.
67 мың 69 бірлігі бар санды жаз.
Көрші сандарды жазыңдар. 100 - ден үлкен, 60 - тан кіші сандарды жазыңдар.
3 067 068; 3 067 069; 3 067 070 т. с. с.
«Компьютер» дидактикалық ойыны. Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.
7 ²00: 8 + 100 – 190: 9 ∙ 1 000 = 4 000
8 ∙ 50 + 1 000: ² ∙ 8 – 5 000: ² ∙ 7 = ² 100
Сұрақ - жауап әдісі
1 - жылда қанша ай бар?
Ғасырда қанша жыл бар?
1 айда қанша күн бар?
1аптада қанша күн бар?
1 тәулікте қанша сағат бар?
1 сағатта неше минут бар?
1 минутта қанша секунд бар?
1 мүшел қанша жас?
1 жылда қанша күн бар?

Қызығушылықты ояту
Бұл не? «Болжау кестесі»
Түсіндіру, еске түсіру, қайталау
- Сіз үшін не таныс емес?
1 см² (квадрат сантиметр) = 100 мм²
1а (а) = 100м²
1 дм² (квадрат дециметр) = 100 см²
1га (гектар) = 100 а
1 м² (квадрат метр) = 100 дм²
1га = 100а = 10 000м²
1 км² (квадрат километр) = 1 000 000м²
1м² = 100 дм² =10 000 см² = 1 000 000 мм²
1дм² = 100 см² = 10 000мм²

Жаңа сабақ
Түсіндірме тапсырмаларын оқушылармен бірге талдай отырып орындау
№1, 2, 3, 4 тапсырмалар.
Мысалы:№3 80м х 100м=800м2=80 а
Топтық тапсырмалар:
1 - топ:№5 а) нұсқасы
2 - топ: ә) нұсқасы
3 - топ:№6 тапсырма
4 - топ: №7 тапсырма
Сен маған, мен саған әдісі арқылы екі нұсқада берілген үлестірмедегі тапсырманың бірін өзінің меңгеру қабілетіне қарай таңдап алып шығарады, бірдей нұсқадағы серіктестерімен жауабын тексереді.
№1 карточка
Есепте.
12 + 102 = 112 62 + 602 = 662
22 + 202 = 222 72 + 702 =772
32 + 302 = 332 82 + 802 = 882
42 + 40 2 = 442 92 + 902 = 992
52 + 502 = 552 102 + 1002 = 1102
№2 карточка
Баған бойынша орындау.
902 – 567 = 335
902 – 335 = 567
335 + 567 = 902

Ой толғаныс Аудан бірліктері мен уақыт бірліктерін венндиаграмма арқылы салыстырту
Сабақты бекіту Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Неліктен?
Үй тапсырмасы: №8, 9 Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау: Бағалау парақшасын толтырады
Кері байланыс:
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу

Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №4 жүктеу

Толық нұсқаны қарау
1 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға берілген есептер
Санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды немесе шаманы табуға арналған есептерді құрастыру және шығару;
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Күнделікті сабақ жоспары математика 4 сынып
Күнделікті сабақ жоспары математика 4 сынып
Күнделікті сабақ жоспары математика 4 сынып
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №5
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №3
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №3
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×