Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық даналығы – рухани байлық көзі

09 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы – рухани байлық көзі
Сабақтың мақсаты: Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын және мағынасын түсіндіру. Ата – баба дәстүрін құрметтеуге дағдыландыру.
Шешендік сөздерден тағлым алуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді. Ырым сөздер мен тыйым сөздердің айырмашылығын біледі. Берілген тапсырмаларды топта талқылап, бірлесе жұмыс жасайды. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып өз ойларын толық, дәлелді, әрі ашық айта алады.
Шығармашылық қабілеттерін арттырады. Дәйексөздердің мағынасын түсініп, негізгі ойын анықтайды.
Ресурстар: 8 - сынып Өзін – өзі тану оқулығы, авторы Б. Әрінова; Ж. Әкімбаева
Оқулық, интерактивті тақта, бейнежазба, маркерлер, флипчарт, стикерлер, слайд.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Оқушыларды топқа бөлу: (түрлі – түсті қағаздар) Оқушыларды «Адамгершілік», «Мейірімділік», «Сүйіспеншілік», «Ізгілік» топтарына бөліп, әр топ мүшелеріне топтың ережесін, қызметін тағайындайды.

Қызығушылығын ояту
Төле бидің даналық сөздерімен тақырыпты ашып, мақсат қойдыру.

1. Халық даналығы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз?
3. Қандай адамды данышпан дана дейді?
4. Салт – дәстүр дегеніміз не? Қазақтың қандай салт – дәстүрін білесіздер?

Мағынаны тану:
Топқа тапсырма
І. Адамгершілік тобы: «Жанқұтты шешеннің батасы» атты мәтінің оқып, талдау жүргізу.
ІІ. Сүйіспеншілік тобы: Қ. Жәрменовтың «Жаман болады» атты мәтінің рөлдерге бөліп орындау. Сахналау.
ІІІ. Мейірімділік тобы: Ғаламтордан тыйым сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.
ІV. Ізгілік тобы: Ғаламтордан ырым сөздерді тауып мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті
Көңілді әуенмен
«Кір жуайық» жаттығуын жасау

Ой толғаныс: Даналықты үйренудің әр жолына тоқталу
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз
Ойлану - ең ізгі жол,
Еліктеу – ең жеңіл жол
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол

Бағалау:
Кері байланыс:
Сабаққа пікіріңіз, ұсынысыңыз.
Сыр сандықтан жүрекшелер таратылады. Оқушылар жүрекшеге Нені білдім? Не білгім келеді?

Келесі қадамға тапсырма:
«Атамның берген ақылы» жаттау Кестеде берілген мысалдарды дәптерге жазып, толықтыру
Барлығы ортаға шығып ән орындайды

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Өзін – өзі тану 8 сынып
Мұғалімнің аты - жөні: Жамбылбаева Ғ. Н.

Халық даналығы – рухани байлық көзі. жүктеу
2 172
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру. Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату.
Бастауыш сынып сабақ жоспары
Бастауыш сынып сабақ жоспары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп" ММ – нің бастауыш сынып мұғалімі Сағындықова Роза Ордабаевна
Бунақденелілер
Бунақденелілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ағынтай батыр ауылы, Златогорская орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Мағзұм Нұрланбек
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Петропавл қаласы, «№ 42 орта мектеп» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Т. Т.
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Халық даналығы - рухани байлық көзі
Халық даналығы - рухани байлық көзі
Сыныбы: 8 Тақырыбы: Халық даналығы - рухани байлық көзі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×