Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақылау диктанты

17 тамыз 2018, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Бақылау диктанты
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы. Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу Түрлі ойыншықтар арқылы топтарға бөлу.
Ынтымақтастық атмосферасы Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын сұрау
Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.
Диктант жазуға дайынбыз ба?
Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
Сөйлем неден басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сөйлем ішінде жер - су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па?
Неліктен?

Қызығушылықты ояту Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау.
Қосымша шығармашылық тапсырмалар.
Әже өнері
Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй ішіндегі әсем мүліктердің көбі әжесінің қолынан шыққан. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: демалыста, мүліктердің.
1. Өрнекті, өнерлерін деген сөздердің түбірін табыңдар. Түбірдің астын сызыңдар.
2. Текемет, сырмақ, алаша деген сөздерге қосымша жалғап жазыңдар.
Бақылау диктанты. жүктеу
2 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бақылау диктанты
Бақылау диктанты
Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілеттерін, ақыл - ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөз туралы түсінік бере отырып, кейбір сөздердің бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар,
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтіні
Пайымдау мәтіні туралы білімдерін тереңдету, оның сипаттау мәтінінен айырмашылығын байқату, оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Зейінділікке тәрбиелеу.
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Көлем бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі - литр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×