Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері

14 сәуір 2017, Жұма
Категориясы: Информатика
Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері
Зертханалық - практикалық сабақтың жоспары №12
Информатика
Дәрістің түрі: Зертханалық сабақ.
Оқыту әдісі: Практикалық, талдау, тексеру өзіндік жұмыс.
Дәрістің тақырыбы: Диаграмма тұрғызу. Диаграмма типтері.
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: MS Excel - дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммаларды құруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде жұмыс істеу барысында есте сақтау және зейіндік логикалық ойлау қабілеттерін, пернетақтада жұмыс істеу жылдамдығын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, техника қауіпсіздік ережесін сақтауға, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Графопроектор, компьютерлер, Ехсеl бағдарламаcы, нұсқаулық кітапша, таратпа материалдар.

Дәріс барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушылардың қатысымын тексеру, сырт көрінісіне және төс белгісіне назар аудару, зертхана тазалығына көңіл бөлу. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Оқушыларды теориялық тақырып бойынша тексеру:
1. Әр оқушы жеке – жеке компьютерге отырып тест орындайды.
1. А1 ұяшығындағы деректі В1 ұяшығындағы дерекке бөлу өрнегі Excel бағдарламасында қалай жазылады.
А) =А1/В1
Б) =А1ˆВ1
В) =А1\1
Г) =А1: В1
2. Электрондық кестеге арналған өрнектің жазылуын көрсетіңіз
А) =А2*А3 - А4
Б) А5В5 - 23
В) =С3+4*Д4
Г) С3=С1+2*С2
3. Диаграмма дегеніміз бұл –
А) деректерді сызбалық түрде ұсыну
Б) деректерді сыртқы безендіру, сондай - ақ олардыңмазмұнындағы деректер пішінін түзету
В) әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген шендер
Г) логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар бірізділігі
4. Excel бағдарламасының кітабына диаграмманы қандай әмірлердің көмегімен үстеуге болады?
А) құралдар - диаграмма шебердің қадамдарын тізбекті түрде орындау
Б) Диаграмма - Диаграмманы үстеу
В) көрініс - Диаграмма - Диаграмманы үстеу
Г) Кірістіру - Диаграмма - Диаграмма шеберінің қадамдарын тізбекті түрде орындау
5. Excel бағдарламасында өрнекті өңдеуге бола ма?
А) Дұрыс жауабы жоқ
Б) жоқ
В) кейбір жағдайда
Г) иә
6. Excel бағдарламасында өрнекті енгізу кезінде жақшаны пайдалануға бола ма?
А) иә, тек абсолютті сілтемелерді пайдалану кезінде ғана
Б) жоқ
В) иә
Г) иә тек абсолюттік сілтемелерді басқа парақтарға пайдалану кезінде ғана
7. Excel бағдарламасындағы СРЗНАЧ жетесі нені анықтайды?
А) ең қысқа мәтінді іздестіруді
Б) Ұяшықтарды бөлудің орташа мәнін
В) берілген ұяшықтар ауқымының орташа арифметикалық мәнін
Г) сандарды кемуі бойынша ретке келтіруді
8. Excel – де өрнек қандай нышаннан басталады?
А) +
Б) бос орын
В) мәні жоқ
Г) =
9. Excel бағдарламасы құжатында өрнекті дұрыс жазу нұсқасын көрсетіңіз.
А) =А3: 100
Б) =50х 100
В) =50$100
Г) А3*В3
10. Excel бағдарламасында ҚОСЫНДЫ жетесі не үшін қолданылады?
А) көрсетілген сандардың квадраттарының қосындысын табу үшін
Б) көрсетілген сандардың қосындысын табу үшін
В) көрсетілген сандардың квадратын табу үшін
Г) сандар қосындыларының айырмасын табу үшін
11. Excel бағдарламасында сұрыптаудың қандай түрлері бар?
А) артуы бойынша сұрыптау: кемуі бойынша сұрыптау
Б) төмендеуі бойынша сұрыптау: кему реті бойынша сұрыптау
В) көбейту бойынша сұрыптау: арттыру бойынша сұрыптау
Г) төмендеуі бойынша сұрыптау: жойылуы бойынша сұрыптау
12. Excel бағдарламасында деректерді сұрыптау дегеніміз бұл....
А) Деректерді сүзгіден өткізу
Б) Деректерді кемуі бойынша ретке келтіру
В) Деректерді артуы бойынша ретке келтіру
Г) Деректерді артуы немесе кемуі бойынша ретке келтіру
13. Excel бағдарламасында диаграмма..... үшін қолданылады
А) сандық деректер мен өрнектерді енгізу
Б) ақпаратты сызбалық түрде ұсыну
В) бағандарды сызбалық түрде кескінделу
Г) бағандарды немесе жолдарды құрастыру
14. Excel бағдарламасында есептеу жүргізу үшін өрнекті қалай теру керек?
А) Ұяшықты бөлектеу, « =»таңбасын теру таңбаларды қалдырып кетпей өрнекті жазу
Б) Ұяшықты бөлектеу, өрнекті жазу
В) Ұяшықты бөлектеу, « =» таңбасын теру, амалдық таңбаларды қалдырып кетіп өрнекті жазу
Г) Ұяшықты бөлектеу, жауапты бірден енгізу
15. Excel бағдарламасында ӨЗҚОСЫНДЫ әмірі не үшін керек?
А) бағандарды немесе жолдарды сызбалық түрде құру
Б) ұяшықтар қосындысын есептеу
В) ақпаратты сызбалық емес түрде ұсыну
Г) ақпаратты сызбалық түрде ұсыну

2. «Графика» сөзжұмбақ:
1. Деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған. (диаграмма)
2. Бағандық диаграмманың басқаша атауы. (гистограмма)
3. Диаграмма типінің бір түрі. (сақиналық)
4. Бұл жол белсенді ұяшықтың мәнін көрсетеді. (формула жолы)
5. Диаграмма осі. (вертикаль)
6. Excel қандай бағдарлама? (кестелік)
7. Диаграмма элементтерінің бірі. (аңыз)

ІІІ. Зертханалық жұмыс:
1. Әр оқушыны жеке компьютерлерге отырғызып, нұсқау кітапшаларын тарату.
2. Сабақ өткізуге нұсқау беру.
3. Тапсырмаларды орындау:
1. MS Excel - бағдарламасында диаграмма тұрғызу. Кестеде берілген мәліметтер бойынша ұшақтың суретін шығару. Функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғызу, және кестеге толтыру.

Оңтүстік Қазақстан Облысы, Шымкент қаласы,
Шымкент аграрлық колледжі
Информатика пәнінің оқытушысы
Баинбетова Ботакоз Рахманкуловна

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
3 601
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Мәтіндік құжатқа диаграммаларды кірістіру
Мәтіндік құжатқа диаграммаларды кірістіру
Диаграмма құру үшін ең алдымен мәлімет керек екенін түсінеді, диаграмма түрлерімен танысады, кестеге мәліметті енгізуді және одан кейін қолданатын операциялармен жұмыс жасап үйренеді.
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
MS WORD тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы
Word бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру.
Слайдтарды демонстрациялау
Слайдтарды демонстрациялау
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
Excel - дің графикалық мүмкіндіктері
MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.
Компьютерлік графика және оның түрлері
Компьютерлік графика және оның түрлері
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №42 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі Сатыбалдиева Индира Калдыбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.