Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Антонимдер

12 ақпан 2016, Жұма
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы
Катонқарағай ауылы, «Ленин атындағы орта мектебі»КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Ернісова Гүлтас Ернісқызы

Қазақ тілі5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір - біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру,
Дамытушылық – оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуына баулу, ойлау қабілетін арттыру;
Тәрбиелік – оқушыларды адамгершілік асыл қасиеттерге жетелей отырып, сөз өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, жұппен жұмыс, тілдік талдау, топтастыру.
Көрнекілігі: оқушылардың таным қабілеттерінің даму деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар, интерактивті тақтада слайдтар, кепе карталар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
а)(психологиялық дайындық.)
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз - талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ Өткен сабақты пысықтау
«Миға шабуыл». Әр топқа арнайы сұрақтар қоя отырып өткен сабақты еске түсіру:
1. Лексика дегеніміз не?
2. Омонимдердің анықтамасын айт. Мысал келтір.
3. Сіздер күнделікті өмірде омоним және синоним болатын сөздерді қаншалықты жиі қолданасыздар?
Омоним мен синоним сөздерге мысалдар келтіру

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
«Ой қозғау»
Ендеше, балалар, суретке назар салайық
Суретте нелер бейнеленген? Олар нені білдіреді деп ойлайсыңдар?
(Слайдта бейнелер шығады)

ІV. Жаңа сабақ.
Өзіндік ізденіс – білім негізі.
Интерактивті тақтадан биік үй мен аласа үй суреті т. б салыстыру арқылы оқушыларға не түсінгендерін және ереже шығару керектігін ескертемін.
- Балалар, антоним грек тілінде anti – қарсы, onota - атау дегенді білдіреді. Ендеше сіздер мысалдарға сүйене отырып қандай қорытындыға келдіңдер?
- Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антонимдер деп атаймыз.
Мысалдар келтіріп, кітаптағы ережемен салыстырады.
- Балалар, антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды, болымсыздық мағыналар бірдей емес. Оларды былайша салыстырып көруге болады.
Тақтаға жазылған мақал - мәтелдерді оқып, антонимдер мен болымды, болымсыздық мәндегі сөздерді табамыз.

Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер жарыса қолданылады.
(дәптерлеріне антонимдерді теріп жазады)
• Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
• Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жаңылтпаштар.
• Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
• Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
• Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

Жұмбақтар.
• Түнде бармын,
Күндіз жоқпын. /жұлдыз/

АНТОНИМ

• Сын есім
ауыр - жеңіл,
кең - тар,
ыстық - суық,
жас - кәрі
артық - кем,
аш - тоқ,
арық - семіз,
оңай - қиын

•Етістік
озу - қалу,
кету - келу,
қону - ұшу,
шашу - жинау,
ашу - жабу,
кіру - шығу,
күлу - жылау,
сату - алу

•Зат есім
өтірік - шын,
обал - сауап,
алғыс - қарғыс,
рахат - бейнет,
бақ - сор,
өмір - өлім,
пайда - зиян,
жаз - қыс,
күн - түн

Талантты, дарынды оқушыларға тапсырма. (жеке жұмыс)
Сурет бойынша өз шығармашылығына сүйене отырып әңгіме не өлең жазу (ішінде антоним сөздер болуы шарт).
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма. Берілген мәтін сөйлемдері ішінен антоним болатын сөздерді тауып астын сызу.
Кітаппен жұмыс жаттығу орындау
92 - 93 жаттығу
Пәрмен, дәрмен сөздерімен сөздік жұмысын жүргізу

V. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп – үлкен боп өседі. ( антоним сөзді тап )
Жаттығу жұмыстары

Интерактивті тақтадан антонимдердің сыңарын сәйкестендір
Қысқа -------ауру
Алыс --------қымбат
Арзан-------- Жеңіл
Жаз ----------Ыстық
Суық ----------Жақын
Биік ----------Ұзын
Сау -----------Қыс

Сабақты бекіту
Мақалда түсіп қалған антонимдерді орнына қой
Туған жердің.... де ыстық
... де ыстық

... ұяты әкеге
... ұяты шешеге

... шөп батады
... сөз батады

Көз...
Қол...

Істеу...
Сынау...

... сөз - көмір
... сөз – алтын

Семантикалық картамен жұмыс
Орта деңгей
Мысалдар ------------ Зат есім --------- Сын есім --------- Есімдік ----------- Етістік
Жоғары - төмен
Аз – көп
Күн – түн
Қуану – ренжу
Анау – мынау
Ақ – қара

Төменгі деңгей
Мысалдар -------- түн ------- мынау ------- көп --------- ренжу --------- төмен
Жоғары -
Аз –
Күн –
Қуану –
Анау –

Бағалау
Мұғалім - оқушы ортақ бағалау

Қорытынды
БЛОБ ағашына өз деңгейін іледі.
Сонымен оқушылар бүгін біз антонимдерді оқыдық: Оларды қолданудың қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?
Үйге тапсырма
Ережені жаттау

Толық нұсқасын жүктеу
4 231
0
3 дауыс
Оқи отырыңыз
Шылау
Шылау
Шылаудың басқа сөз таптарынан мынандай айырмашылықтары бар екні түсіндіріледі. - Шылаудың толық мағынасы болмайды. - Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды. - Шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. - Шылаулар өзі
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның алғашқы n – ші мүшесінің формуласы
Аңыз бойынша үнді ханзадасы Сирам шахмат ойынын ойлап тапқан өнертапқыштан сыйлыққа не қалайтынын сұрайды.
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.