Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңдеу және оны шешу

03 мам 2014, Сенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу және оны шешу
Сабақтың мақсаты: Теңдеу және оны шешу тәсілдерін үйрету.
1. Оқушыларды теңдеу шешу тәсілдерімен таныстыру;
2. Атаулы сандармен есептеуді орындауды дағдыландыра отырып, оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру, білімдік дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушыларды ұжымшылдыққа, тәртіпке, достыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес ертегі сабақ
Көрнекіліктер: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (Сабаққа әзірлеу, сабақтың мақсатын хабарлау).
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Балалар естисіңдер ме бір дыбыс шығады? Бұл әнде не тұралы айтылған? (Ертегілер әні ақырын қосылып тұрады Әйгерім Қалаубаеваның) Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем - дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын - дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші - дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді. Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар! Мысыққа көмектесейік
Үй тапсырмасын тексеру
5, 7, 8 сандарының құрамын жаз. (әр топтан бір оқушыдан шығып жазады, оқушылар тексереді)
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз.
Мысық сиырға барады. «Сиыр - сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді.
Сиырдың тапсырмасы:
1 тапсырма:
Миға шабуыл
9, 6, 2, 4, 8, 1.
Сергіту сәті
Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді.
Жаңа сабақ
Ағаштың тапсырмасы:
2 тапсырма:
Теңдіктер жаз.
3 пен 4 сандарының қосындысы 7 – ге тең
6 мен 4 сандарының айырмасы 2 - ге тең
3 пен а – ның қосындысы 7 - ге тең
10 мен а - ның айырмасысы 1 - ге тең
а мен 2 - нің айырмасы 6 - ға тең.
Бұлар қандай өрнектер. (Әріпті және санды өрнектер) Теңдіктерді бөлек жазу. Бұлар теңдеулер. Теңдеулерді шешу үшін тура теңдік шығатындай а - ның мәнін іздейміз. Мысалы: 3 + a = 7 a + 6 = 10 4 – a = 3
Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді.
Қыздардың тапсырмасы:
3 тапсырма:
«Балық аулау» аулау ойыны. Теңдеулер шешу. Теңдеулерді шешу үшін тура теңдік шығатындай а - ның мәнін іздейміз.
Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді. Дүкеншінің тапсырмасы.
4 тапсырма
Теңдеулерді шеш № 2
Сергіту сәті
Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді.
Тауықтың тапсырмасы.
5 тапсырма
Геометриялық фигураларды ата?
1 топ суретте неше үшбұрыш бар?
2 топ суретте неше төртбұрыш бар?
3 топ суретте неше дөңгелек бар?
Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді.
Тышқанның тапсырмасы
6 тапсырма:
Тесттік тапсырма (тест орындау, бір – бірін тексереді, бағалайды)
1. Әріпті өрнекті белгіле.
а) 7+ 3 ә) а+6 б) 4 - 4
2. Тура теңдікті тап.
а) 3=2 ә) 5=6 б) 4=4
3. 4 + 4 өрнектің мәні нешеге тең
а) 8 ә) 9 б) 10
4. Сәулені белгіле
а) ә) б)

5. 6 санның алдында қай сан тұрады?
а) 4 ә) 5 б) 7
Экранда дұрыс жауап.
1. Ә
2. Б
3. А
4. Б
5. Ә
Мысыққа таратуға көмектесейік.
7 тапсырма Саңырауқұлақтарды жинау.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Қорытынды
Сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
Қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
3 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Оқушыларға теңдеу құру, шешу, жанама тұжырымдалған есептерді теңдеу арқылы шешу жолдарын үйрету. Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын пайдалану, дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын анықтау және түбірлердің формуласын қолданып, квадрат теңдеуді шешу
Математикадан өткізілген ертегі сабақ
Математикадан өткізілген ертегі сабақ
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ауылы. Бастауыш сынып мұғалімімін Гайсина Дамели Бактыгалиевна
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×