Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рационал теңдеулер

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал теңдеулер
Сабақтың мақсаты:
1. Рационал теңдеулер туралы білімдерін кеңейту. Бөлшек - рационал теңдеулерді шешуді үйрету.
2. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
3. Ұқыптылық пен бірін - бірі тыңдай білуге, бір - бірінен үйрене білуге үйрету.
Көрнекілік: Интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Хабарлау, сұрау, әңгімелеу.
Сабақ тәсілі: Оқушылардың өздігінен «Ой толғау» сабағы.

Сабақ барысы:
I. Мен білемін
1. Квадрат теңдеу деп қандай түрде берілген теңдеуді айтамыз?
2. Толымсыз теңдеу және толық квадрат теңдеу дегенімізді қалай түсінеміз?
3. Дискриминанттың мәніне байланысты квадрат теңдеудің түбірлер санын қалай анықтаймыз?

1. Мына теңдеулердің қанша түбірі бар?
а. х2 - 5х - 8=0
ә. х2 - 14х+49=0
б. - 0, 5х2+6х - 7=0
в. - х2+6х - 11=0

2. Теңдеуді шешіңдер:
а. 9х2 - 4=0
ә. 4х2 - 2х=0
б. 0, 64 - у2=0
в. х2+14х+45=0

II. Білгім келеді
Сендер білесіңдер Р(х)=Q(х) (мұндағы Р(х) және Q(х)- бүтін рационал өрнектер) теңдеулерді шешуді үйрендіңдер. Мұндай теңдеулер бүтін рационал теңдеулер деп аталады. Ал, кейбір теңдеулер бүтін рационал өрнектермен қатар бөлшек - рационал өрнектерден тұруы мүмкін. Мұндай теңдеулерді бөлшек - рационал теңдеу деп атайды.

Бүтін теңдеулер:
х - 3=0
х2+1/2х=1, 5
Бөлшек - рационал теңдеулер:
х+1/х - 3=2х+5/х - 3
х+4/х+3=3х - 15

Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу алгоритмі:
1. Теңдеуге кіретін бөлшектердің ЕКОБ табамыз;
2. Теңдеудің екі жақ бөлігін ЕКОБ - ге келтіреміз;
3. Алымдарын теңестіру арқылы бүтін рационал теңдеуді аламыз;
4. Шыққан түбірлердің ішінен бөгде түбірлерді алып тастаймыз.
Мысалы: х - 3/х - 5+1/х=х+5/х(х - 5);
ЕКОБ: х(х - 5)≠0.
х(х - 3)+х - 5= х+5;
х2 - 3х+х - 5=х+5;
х2 - 3х - 10=0.
(х+2)(х - 5) =0
х1=- 2, х2=5
тексеру. х1=- 2, х(х - 5)=14>0
х2=5, х(х - 5)=0=0
теңдеудің түбірі. х=- 2

III. Нені білу керек?
Бөлшек - рационал теңдеулерге есептер шығару
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма
22 274
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
Алгебра 8 сынып үйде оқыту
5 - 6 сыныптардағы математика курсын және 7 - сынып алгебра курсын қайталау
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
Бұл тақырыпты игере отырып, биквадрат теңдеу ұғымымен, таныстыру Биквадрат теңдеулерді шешу алгоритмін білу
Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау
Квадрат теңдеулерді шешуді қайталау
Анықтама ах ²+вх+с=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады. Синоним. Теңдеу.
Квадрат теңдеулер
Квадрат теңдеулер
БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы. Математика пәні мұғалімі Ташенова Гульнара Узакбаевна
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі Мусирова Гулнар Хамитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×