Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елім менің

21 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Математика
«Елім менің» (математикалық интеллектуалдық ойын)

Мақсаты: Ақыл - ойды дамыту, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Белсенділікке, математикаға деген қызығушылығын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу.
- Армысыздар, колледж оқытушылары мен жарқын болашаққа нық қадам басқан жас өркендер, «Елім менің» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім осы үш қасиет адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін қажет. Бүгінгі күні өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған сайысқа қатысатын биік талапты студенттеріміз бен таныс болайық.

Оң қанатымдағы «Эрудит» тобы
Сол қанатымдағы «Эврика» тобы
 Топ басшылары топ мүшелерін жеке-жеке таныстырады.
Бүгінгі сайысымызды әнмен әрлейтін «Достар»тобы.
Сайысымыз 6 айналымнан тұрады. Айналым шарттары сол кезде нақты түсіндіріліп отырады.

1. 1 - айналымға кезек берейік. Бірінші айналым бейне сұрақ, кино, фильмдердегі тұлғалар экранда көрсетіледі. Сол тұлғалардың аты жөндерін толық айтуларыңыз керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Топ басшыларынан басқа екі топтың қатысушыларына 1 сұрақтан:
1. Геометриядан жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен адам?
(Пифагор)
2. «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей – ақ қойсын»- деген сөздердің авторы?
(Платон)
3. Бірінші ұстаз атанған грек ғалымы? (Аристотель)
Сіздердің қосымша 2 ұпай алу мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін «Достар» тобының жасырған әнді табуларыңыз керек.

2. 2 - айналымға кезек берейік.
Сөз сауаттылығын тексеруге байланысты, әр топқа кезекпен 3 сөз жасырылады. Сол сөздерді әріптеп айтып құрастыруларыңыз керек.
1. Диаметр 1. Иррационал
2. Логарифм 2. Перпендикуляр
3. Абсцисса 3. Симметрия
Сіздердің қосымша 2 ұпай алу мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін «Достар» тобының жасырған әнді табуларыңыз керек.

3. Олай болса 3 - айналымға кезек берейік.
Тарихта болған немесе бар адамдар туралы, әдебиеттен кейіпкерлер есімдері беріледі оны топ басшылары өз топтарына жасырулары керек. Әр сұраққа 1 ұпай. Әр топқа 10 тұлғадан.
1. Ыбырай Алтынсарин
2. И. Ньютон
3. Омар Хайям
4. Д. А. Қонаев
5. Ломоносов
6. Рене Декарт
7. Әл - Фараби
8. Абай Құнанбаев
9. С. Ковалевская
10. Пуассон

1. Мұқағали Мақатаев
2. Лейбниц
3. Бернулли
4. Пифагор
5. Архимед
6. Олжас Сүлейменов
7. Әміре Қашаубаев
8. Эйлер
9. Әл - Кәши
10. Әбіш Кекілбаев

Сіздердің қосымша 2 ұпай алу мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін «Достар» тобының жасырған әнді табуларыңыз керек.

4. 4 - айналымға кезек берейік.
Бұл айналымда бүгінде ұмытылып бара жатқан байырғы өлшем бірліктер туралы болмақ.
Әр сұраққа 1 ұпай.
Адым(қадам)- жүру кезінде екі аяқтың аралық қашықтығы.
Тұтам - бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас 5 еліге тең ұзындық өлшемі.
Ауырлық өлшемдері
Мысқал - 5 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Қадақ - 400 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Сіздердің қосымша 2 ұпай алу мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін «Достар» тобының жасырған әнді табуларыңыз керек.

5. 5 - айналымға кезек берейік.
Бұл айналымда топ басшылары жауап бермейді, бірақ көмектесуге құқылы. Бесінші айналымның 1 кезеңі
Елімізге байланысты сұрақтар, әр қатысушыға 1 сұрақтан, дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
1. Қазақстан Президентін бүкілхалықтық сайлау 1991 жыл 1 желтоқсан (ия)
2. Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет (ия)
3. Еліміздің шекара ұзындығы 15, 3 мың км (ия)

1. Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы 2002 жыл болды (жоқ 2001)
2. Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты - Қазақстанда жалғыз (ия)
3. Денсаулық сақтау жылы (2004жыл) (жоқ 2002ж)

Бесінші айналымның 2 кезеңі
1.«Ел болам десең, бесігіңді түзе»- деп айқан кім? (М. Әуезов)
2. Ана тіліміздегі ең алғашқы математика оқулығы «Есеп құралының» авторы? (М. Дулатұлы)
Бесінші айналымның 3 кезеңі
Географиядан сұрақтар. Экранда берілген картадан белгілі бір қала немесе аймақтар көрсетіледі. Сол аймақтарды дәл анықтауларыңыз керек.
1. Ақтау 1. Талдықорған
2. Қостанай 2. Семей
Сіздердің қосымша 2 ұпай алу мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін «Достар» тобының жасырған әнді табуларыңыз керек.

6. 6 - айналымға кезек берейік.
Әр қатысушыға 2 цифрдан тиісті. Экранда көрсетілген есептердің жұлдызша тұрған жерін сандармен толтырамыз.
2308
6941
2183+125=2308
6352+589=6941
1454*2=2908
3614: 2=1807
2883*3=8649
9739 - 9614=125

7215
6894
7215 - 15=7200
3447*2=6894
6644 - 6521=123
9752: 2=4876
4731+256=4987
1865: 373=5

Сіздердің қосымша 2 ұпай алу мүмкіндіктеріңіз бар. Ол үшін «Достар» тобының жасырған әнді табуларыңыз керек.

Жеңімпаз топ анықталады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын – бүгінгі білімді жастар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, бүгінгідей интеллектуалдық сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне беріңіздер! Алтын уақыттарыңызды бөлім келгендеріңізге көп рахмет!
2 203
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
Елім менің
Елім менің
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Чайканова Гүлбану
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Динара Ысқаққызы
«Елім менің» думаны
«Елім менің» думаны
Ақтөбе қаласы, №41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Аймурзина Гүлназ Асқарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×