Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды

06 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебінің
математика пәні мұғалімі Мәтжанова Жанар Онғарқызы

Сабақтың тақырыбы: Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды
Сабақ мақсаты:
• Алгебралық өрнек, алгебралық қосынды туралы оқушы білімдерін жинақтау, жүйелеу, тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
• Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілетін дамыту;
• Алға қойған мақсатқа жете білуге, жауапкершілікті сезіне білуге, өзіне сенімді болуға тәрбиелеу. Оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақ типі: Білім, білік және дағдыны тексеру сабағы
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, кубик, бағалау парақтары, стикер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта оқушылардың қатысуын қадағалау, сынып оқушыларын 2 топқа бөліп отырғызу, топ басшысын сайлау, бағалау парақтары тарату. Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген №711, 714 есеп нәтижесі таратылады. Оқушылар бір - бірін тексереді. Бағалау парағына дұрыс жауапқа сәйкес ұпайды жазамыз.
Бағалау парағына назар аударыңдар. Мұнда сабақта орындалатын жұмыстар жазылған, әр жұмыс бойынша оқушылар тиісті ұпай алып отырады.
3. Өткен сабаққа шолу
Ойланайық!
1. Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады? (жазылуында бір немесе бірнеше әріптері бар, амалдар таңбалары және жақшалардан тұратын өрнек)
2. Алгебралық өрнекті тауып, оқып беріңіз (1, 3, 4, 6).
1) 12+а; 4) x2+7;
2) 17*3+5; 5) 0, 6 - 5*3;
3) 2а+b; 6) (a+b) 4.
3. Алгебралық өрнектің құрамындағы әріпті санмен алмастыруға бола ма? (Иә, болады. Бұл алгебралық өрнектің негізгі қасиеті)
4. Қандай сандар алгебралық өрнектегі әріптің қабылдайтын мәндері деп аталады? (әріптің берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды)
5. өрнегіндегі айнымалының қабылдайтын мәндерін тап. (кез келген сан)
6. өрнегіндегі айнымалының қабылдайтын мәндерін тап (x| x 2).
7. Алгебралық қосынды дегеніміз не? (бірнеше алгебралық өрнектерден «+» және «-» таңбалары арқылы құрастырылған жазу)
8. Алгебралық өрнектің мәні деп қандай санды айтады? (алгебралық өрнектегі әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 164
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті
Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті
алгебралық бөлшектерді танып білу; алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;
Алгебралық бөлшектерді көбейту
Алгебралық бөлшектерді көбейту
Алгебралық бөлшектерді көбейту үшін олардың алымдарының көбейтіндісін алымына, ал бөлімдерінің көбейтіндісін бөліміне жазу керек.
Блум таксономиясы бойынша математикадан сабақтар жоспарлары
Блум таксономиясы бойынша математикадан сабақтар жоспарлары
k - ның мәніне байланысты y=kx+l сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру үшін негізгі ережелерді білу Алгебралық өрнектерді ықшамдап, оған теңбе-тең өрнектерді табу Мәтінді есептерге алгебралық өрнек құрастыра алу, құрастырылған өрнекті түрлендіру
Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды
Алгебралық өрнек. Алгебралық қосынды
Алгебралық өрнек, алгебралық қосынды туралы оқушы білімдерін жинақтау, жүйелеу, тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру
Өрнекті теңбе - тең түрлендіру
Өрнекті теңбе - тең түрлендіру
Қызылорда қаласы, №101 орта мектептің математика пәні мұғалімі Әбдіқожаева Айгерім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×