Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық бірыңғай тестінде берілетін кейбір есептердің шығару жолдары

01 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Математика
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
математика пәнінің мұғалімі:
Айтмаганбетова Құралай Каримоллақызы

Ұлттық бірыңғай тестінде берілетін кейбір есептердің шығару жолдары.
Әлемдік білім кеңістігіне шығуда техникалық бағыттағы ғылым салаларын дамыту міндеті тұр. Ол үшін бұл бағытта, әсіресе математиканың оқыту сапасын көтеру кезек күттірмейтін міндет болып табылады.
ҰБТ есептерінде геометрия есептері қиындық келтіреді. Ол үшін есеп шартын толық және түсінікті етіп оқу керек. Сонымен бірге оның сызбасын да дұрыс сыза білуіміз керек. Сызбаның дұрыс сызылуы біздің есебіміздің дұрыс, әрі тез шығуына көп көмегін тигізеді. О сы орайда мен сіздерге бірнеше есептердің шығарылу жолдарын ұсынып отырмын.
1 - есеп.(2014. 1 - нұсқа 17 есеп).
Теңбүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы √13, ал табандары 3 пен 4 болса, диагоналін табыңдар.

Берілгені: АВ=СД=√13. ВС=3. АД=4
Табу керек: АС диагоналының ұзындығы.
Шешуі: Птолемей теоремасы: Шеңберге іштей сызылған төртбұрыштың диагоналдарының көбейтіндісі, оның қарама – қарсы жатқан қабырғаларының көбейтінділерінің қосындысына тең.
Олай болса АС•ВД=ВС•АД+АВ•СД
АС²=3•4+√13•√13 ------------- АС=5

Ескерту: Теңбүйірлі трапецияға сырттай шеңбер сызуға болады.

2 - есеп.(2014. 2 - нұсқа 17 есеп)
Трапецияның бір табаны биіктігінен 3 см артық, ал екінші табаны биіктігінен 3 см қысқа. Егер трапецияның ауданы 100 см² болса, оның табандарын табыңдар.

Берілгені: S=100 см², ВЕ= х, АД= х+3, ВС= х - 3
Табу керек: ВС, АД
Шешуі: Трапецияның ауданы

Толық нұсқасын жүктеу
2 360
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептері мен шешу жолдары
Физика есептерін шығарудың негізгі талаптары, оларды шығару жолдары.
Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына есептер шығару
Төртбұрыштардың аудандары тақырыбына есептер шығару
Есеп шығару барысында ережелерді, формулаларды дұрыс пайдалана отырып есте сақтау, логикалық ойлау және талдай білу қасиеттерін дамыту.
Математикадан ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Математикадан ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Мен әсіресе жас мамандарға және 11сынып оқушыларына көмек ретінде 2013 жылғы оқу - әдістемелік құралындағы логарифмдік өрнектерді есептеу, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тақырыбына берілген есептердің шығару жолдарын ұсынып отырмын.
Пирамида бетінің ауданы
Пирамида бетінің ауданы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: «Пирамида бетінің ауданы» ұғымымен, оның негізгі формулаларымен таныстыру.
Трапеция
Трапеция
Атырау қаласы, №4 Ю. А. Гагарин орта мектебінің математика пәні мұғалімі Азмағамбетова Мейрамгүл Атабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×