Білімділер поралы

5 - ке көбейту және бөлу

Тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу
Мақсаты: 5 - ке көбейту және бөлу кестесін ұғындыру, ауызша есептеуін жетілдіру.
Міндеттері:
1. Есеп шығару, амалдардың орындалу ретін пысықтау, қалдықпен бөлуді орындау.
2. Ой - өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылықтарын, таным - белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Белсенділікке, мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау.
Оқыту әдісі: саяхат сабақ «Күзгі орманға саяхат».
Көрнекіліктер: Күз мезгілін суреті, аңдардың суреті, карточкалар, ойындар, тест, оқулық.

Сабақтың барысы:
Психологиялық икем.
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын!

Оқушылар бүгін біз математика сабағында күзгі орман саяхатына шығамыз. Күзгі саяхатында аңдардың, жануарлардың тапсырмаларын орындаймыз. Аңдардың сендерге сыйлықтары бар, ол үшін сабақта жақсы қатысу керек.
Айтыңдаршы қазір қай мезгіл?
- Демек, біз бүгін «Күзгі орманда саяхат» сабағын өтеміз.
- Күз айларын атаңдаршы?
- Орманда қандай аңдар мен жануарлар қалыпты?
- Қысқы дайындығы қандай екенің байқайық
- Кәне, орманда не бар екен?

Ауызша есеп.
- Аю бар екен. Аю тәттілерді жеп семіреді де, апанына жапырақтарды төсеп, ұйқыға дайындалады.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Қане, балалар, құлпынайын терісіп жіберейік.
2*3
4*5
20: 2

5. Қатармен жұмыс: Есептерді салыстыр.
1) Дүкенге бірдей 3 жәшікпен жидек әкелінді. Бір жәшіктің массасы 8кг. Дүкенге неше килограмм жидек әкелінді?
- неше килограмм жидек әкелінді?
2) Дүкенге жәшіктермен 24 кг. Жидек әкелінді.
Бір жәшіктің массасы 8кг. Дүкенге неше жәшік жидек әкелінді?

3) Дүкенге әкелінген бірдей 3 жәшік жидектің массасы 24кг. 1 жәшік жидектің массасы қандай?
Заттың массасы - 5 кг
Заттар саны - 7
Жалпы массасы -?
6. Математикалық диктант (Жауабын ғана жазу).
36 мен 58 қосындысының мәнін тап.
( 36+58= 94)
90 мен 25 айырмасының мәнін тап.
(90 - 25 = 65)
Бірінші қосылғыш 23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.(23+57= 80)
Азайғыш 74, азайтқыш 37. Айырманың мәнін тап.
(74 - 37= 37)
69 бен 13 қосындысының мәнін тап.
(69+ 13= 82)
60 пен 28 айырмасының мәнін тап.
( 60 - 28= 32)
45 санын 17 арттыр
(45+17= 62)
54 санын 25 кеміт.
( 54 - 25= 29)

III. Негізгі бөлімі.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Енді балалар, дәптерлеріңді ашып, күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар.
(тақтаға жаңа тақырыпты жазамын.)
Балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз «5 – ке көбейту және бөлу кестесі.»
Кітаппен жұмыс.
Балалар, №1 есепке қарайықшы. Мұнда 5-ке көбейтулерді қарастырайық. Көбейтінділердің мәндері қалай табылған?
Иә, дұрыс айтасыңдар. Қосу амалдары арқылы табылған. Яғни, 5 - ті 5-ке көбейту дегеніміз – 5 - ті 5-ке 5 рет қосу.
Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайықшы. Қандай айырмашылығы бар екен?

5 - ке көбейту және бөлу. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 270
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 268
Роботтар: 2
kenzhebek aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика