Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен Қазақстандықпын (шығарма)

01 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Оқушыларға
«Ақтасты орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
8 - сынып оқушысы Кеңесжан Елдар
Пән иесі Бекмуратова Дина Мәлікқызы

Шығарма

Мен Қазақстандықпын
Қазақ елі - қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңар саясаттың құрығына түскен қазақ елі. Ата - бабаларымыз талай жылдар тар жол тайғақ кешсе де еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін күрескен табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен батылдық көрсеткен Райымбек бабамыздың, өр Махамбеттің, батыр Бауыржанның ұрпағы мен боламын.

Мен Қазақстандықпын. Өйткені мен ана сүтімен бірге сіңген қазақ тілімен «ана» деген сөзді айтқан қазақпын. Қара қылды қақ жарған Қазыбек атамның, төрелігін дөп басып айтқан Төле бидің, әділін айтқан Әйтеке бидің ізін жалғастырушымын. Қазақ тілінің байлығы мен бар екендігін паш ететін, мәртебесін көтеретін, Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілдің жанашыры мен боламын. Ана тілімізді әлемдік тілдер қатарына көтеретін ұландардың бірімін.

Мен Қазақстандықпын. Каспийден Алтайға дейін, Алатау мен Қаратау жоталарынан Батыс Сібір жазығына дейінгі жерді алып жатқан ұлан байтақ қуатты елдің жас ұланымын. Кең байтақ аумағында таулары да, орман да, тоғайлар да, кең жазықтар да бар. Ақиық ақындар жырлап өткен, республиканың оңтүстік - шығысында орналасқан, биіктігі – 6995 метрге жететін Хантәңірі шыңы.
Хантәңірі – қария шың, дара шың, жалғап тұрған жер мен көктің арасын - демекші, мен сол бұлтқа басын сүйеген Хантәңірі шыңымен мақтанамын. Өйткені мен батыр баба есімімен аталатын, қос ақыны тең өскен Мұқағали мен еркін атаның, ұлы Жібек жолында орналасқан Райымбек ауданының тумасымын.

Менің елім - Қазақстан, Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектесіп жатыр. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шектеседі. Жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жер аумағы жағынан дүниежүзіндегі аса ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіреді.

Қазақстанның табиғаты – тамаша. Емге дауа, дертке шипа түрлі өсімдіктерге бай. Қайнауы қазынаға толы. Даласында шұбырған мал, жортқан аң - құс, айдынында аққу - қазы. Жайқалған дәні көз тұндырады. Осындай елімнің табиғатына тамсанып, жас жүрегіммен мақтана аламын.
Мен Қазақстандықпын. Ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжаймын. Асқақ арман жетегінде отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл - қыздарын құшағыма сыйдырып отырмын. Олар қасиетті қазақ топырағында өсіп - өніп, береке бірлікте, достық қарым - қатынаста тыныштық пен татулықта өмір сүруде. Еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке бірлігі жарасқан елдің ұланымын.

Еліміз 1991 жылы егемендік алып, алтын күмбезді көгімде, қыран құсты байрағы желбіреп, айбарлы әні асқақтап, даңқты Қазақстаным тәуелсіз ел атанды. Бүкіл әлемге танылып қадам басты. Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап дүние жүзіне танытуға күш салуда. Елімізде ОБСЕ, Саммит, Азия ойындары өтті. Енді 2017 жылы ЕХРО жоспарлануда. Яғни, қазақ елі бұдан да танымал болмақшы.

«Егемен елдің еңсесі биік»- дегендей бүгінгі күні еліміз әлі талай асуларды асуға белін бекем буып, ел алдындағы жаңа міндеттер «Жүз нақты қадаммен» әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру міндеті тұр.

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші осындай алып елді басқарып отырған тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев атамыз қайраткерлігінің, көрегендігінің арқасында елімді бастап келеді.
Болашақта мен елімнің қадірлі азаматы, мақтанышы боламын. Елімнің ертеңі, болашағы үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімнің іргесінің беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызым деп түсінемін.
Н. Ә. Назарбаев: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақ мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген.
Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар аманатын, елбасының үмітін ақтайтын Қазақстан азаматы мен боламын.
20 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен - Қазақстандықпын!
Мен - Қазақстандықпын!
Әкем - қазақ, Шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! Әрбір адам дүние есігін ашқан соң, өзінің туған тілі, елі, тарихы мен әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі болады. Өз елінің тілін, тарихын, салт - дәстүрін білген адам болашаққа нық қадаммен
Қысқа мерзімді жоспар Қазыбек би Келдібекұлы
Қысқа мерзімді жоспар Қазыбек би Келдібекұлы
Қазыбек бидің өмірін, еңбектерін, әңгімелерінің тәрбиелік ұғымын топтық жұмыс арқылы ұғындыру. Сабақ барысында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, білім дағдыларын қалыптастыр
Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі
Мәңгілік елімнің мәңгілік тілі
Анамның ақ сүтімен бойыма дарыған ана тілім, туған тілім, қазақ тілім. Тілімнің мәртебесін биік те заңғар шыңға көтеру мақсатында арманыма қанат бітіртіп - тіл маманы болдым. Мамандығым - мақтанышым.
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Барысы: Қайырлы күн, Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты іс - шарамызға қош
Қазақ билері, батырлары
Қазақ билері, батырлары
Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қуатова Айгүл Нұрланқызы
Қазақтың төбе билері
Қазақтың төбе билері
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы, №43 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Сағатов Балқан Рымбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×