Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі

27 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Конспект
Б. з. б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың торына түсіп, қаза табады.
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.
Б. з. б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б. з. б. 570 - 520 ж. ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Б. з. б. 4 ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А. Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А. Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.
Б. з. б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан.

Конспект сұрақтар
1. Парсы патшасы Дарийдің сақтарға шабуылдаған жылы:
2. Дарийдің əскерін шөл далаға апарып қырған сақ малшысы:
3. Сақ патшайымы Томирис туралы “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” - деп жазған Рим тарихшысы:
4. А. Македонский сақтармен соғысты:
5. Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті бастаған сақ батыры:
6. Марафон шайқасында сақтар кімдермен бірігіп соғысты:
7. Бехистун жазбаларындағы дерек:
8. “Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе - жекке шықты” - деп жазған тарихшы:
9. Парсылармен соғыста қаза тапқан Томиристің баласы:
10. Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға қанша жылдан кейін қайтадан шабуыл жасады:
Тақырыптың тесті

Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. жүктеу
9 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт - бағдар беру.
Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақ патшалығы. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Н. А. Жумагалиева
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Тарих пәні мұғалімі: Нурпайзова Айнур Кенесбаевна
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі
Қызылорда облысы, №187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ақтоты Өтешова
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Сақтардың мәдениеті мен өнері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жәдиева Ләззат Шынтасқызы Сабақтың тақырыбы: Сақтардың мәдениеті мен өнері. Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Әр түрлі елдер мен халықтардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×