Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар

30 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар
Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.

Ана - кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды» деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде, қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің… Кейде анасы жоқ балаларды көргенде көңілім бір түрлі құлазып қалады. Кез – келген адамның жан дүниесі алдымен ана жүрегінің жылуынан басталмай ма?! Бойымыздағы жақсы қасиеттер де алдымен анамыздың ыстық құшағынан, жұмсақ аялы алақанынан таралмай ма?! Аналық махаббат пен жан жылуын сезінбей өскен балалардың қатал тағдырына кейде аяушылықпен қараймын. Олардың қасында өзімді бақытты сезінемін. Өмірде ана алақанының жылуы мен әкенің мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды емес пе?!

Ана! Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Мен әрдайым өзіңізге қарап бой түзеймін. Өзіңізбен бір күн сырласпасам, бала жүрегім сізді сағынып тұрады. Еркелеткеніңіз, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз — бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Сіз – менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз. Жетістіктеріме қуанасыз, қателік жасасам, жөн сілтейсіз. Сүрінсем, жұбатып жігерлендіре түсесіз.

Рас, кейде сіздің маған уақытыңыз жетпейтін кездер де болады. Мен оған ренжімеймін. Сіздің маған деген махаббатыңыз шексіз екенін білемін. Себебі, сіздің бізден басқа да қаншама ұл – қыздың тәрбиесіне жауапты екеніңізді мен жақсы түсінемін. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы»,- деп Абай атамыз айтқандай, бала жанының бағбаны, мұғалім болу да кез – келген адамның қолынан келе бермес ерлік деп білемін. Мен сіздің өлшеусіз еңбегіңізді түсінемін. Сіз — менің мақтанышымсыз.

Ана! Балапан жүрек балаңыздың көңіл тебіренісін өзіңізге деген алғысы деп біліңіз.

«Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған»,- деп өлең жолдары жырлағандай, балалардың бақыты үшін бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен аналарымыз аман болғай.
7 814
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рахмет, Анашым!
Рахмет, Анашым!
Ана жайлы ойыңды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ұстазым
Ұстазым
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның, Ұстаз деген - анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Білімі мен тәлімінен нәр алдың. Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы, Қасиеттеп бас иелік мәңгілік!
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Ана
Ана
Авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы.
Анама хат
Анама хат
Ақтау қаласы, №14 орта мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрлан Нұрсұлтан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×