Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кім мяу деді?

28 сәуір 2019, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Кім мяу деді?
Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Әтешке кездеседі: Сен «мяу» дедің бе?
Әтеш: ку - ка - ре - ку. Жоқ, мен емес, мен мақтаншақ әтешпін.
Күшік тышқанды көреді:
- Сен «мяу» дедің бе?
- Пи - пи - пи, жоқ мен емес. Мен кішкентай, қорқақ, қара тышқанмын.
- Енді күшік үйшіктің жанынан үлкен қабаған итті көреді.
- Сен «мяу» дедің бе?
- Ав - ав, мен емес. Мен үлкен ашулы қабаған итпін.
Осы кезде ара ызыңдап, күшікті шағып алады.
Күшік өзендегі суға мұрынын жуып жатып жүзіп бара жатқан балықты көреді.
- Сен «мяу» дедің бе?
Балық үнтүнсіз жүзіп кете барады.
Өзендегі бақа тіл қатады:
- Ква - ква. Балық сөйлемейді.
- Сонда, сен «мяу» дедің ғой?
- Жоқ, мен емес. Мен бақылдауық бақамын.
Күшік үйшігіне қайтып келеді. Орнына жатады. Осы кезде тағы да «мяу - мяу» деген дауысты естиді.
Күшік мысықты көріп қалып:
- А - а, сен ғой «мяу» деген деп қуа жөнеледі.
Ертегілер еліне саяхат, ертегілер жинағы
1 846
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күшік пен мысық
Күшік пен мысық
Ауылдағы көршілес екі үйдің бірінің ала мысығы болды. Бір күні қара күшік көршінің бағына кіріп, сонда жүрген ала мысықты тура қуды. Мысық қашып барып, алма ағашына шығып кетті.
Дос іздеген бота
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Үйшік
Үйшік
Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды. - Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?
Күшік неге көңілсіз?
Күшік неге көңілсіз?
Балалардың күшік туралы білімдерін толықтыру, сурет мазмұнына қарай әңгіме құруға дағдыландыру. Бала бойында сөйлеу және тыңдай білу, сұраққа жауап беру қабілетін дамыту.
Сүйкімді күшік
Сүйкімді күшік
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 Балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 «Айгөлек» балабақша тәрбиешісі Әбен Феруза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×