ойын сауық отауы
Жан жарастығы
13.05.2018 2 483 0 Дауыл

Жан жарастығы

Бұл қызықты
ЖАН ЖАРАСТЫҒЫ
«Қорқақ дос дұшпаннан да жаман.
Өйткені дұшпаннан сақтанасың,
ал досқа сеніп қаласың». (Лев Толстой, орыс жазушысы)
НЕГЕ ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ, ойыма Қадырдың:
- Қимайсың деп балалықтан кең ірге,
Жүрегіме бере алмаймын әмір де.
Үлкендерді көріп жүрміз досы жоқ,
Доссыз бала көрмеп едім өмірде... – дейтін шумағы оралып отыр.
Білмеймін, менің досым көп пе, жоқ па?
Өмір шындығы: сен биікке көтерілсең, бәрі саған қарай ұмтылады, төмендесең, бәрі сенен безеді. Тек өзіңе құдай қуат берсін де!
«Білгенің жөн. Дүниеде айыпсыз адам болмайды. Алайда, өзің шапағатты, әрі сақы пейілді бол. Мұндай адамдардың айыбы аз болады. Сыйлай білмейтін, қадіріңе жетпейтін жандармен достаспа. Ондайлардың қасиеті болмайды», - дейді «Қабуснамада».
Туыстарыңның бәрімен бірдей дос бола алмайсың. Ал ізгілікті досыңмен туысыңдай болып кетесің.
Қаны жағынан емес, жаны жағынан туысып кету кез - келген адамның қолынан келе бермейді. Шындығында, жақсы адам болу мен нағыз адам атану - екеуі бір ұғым сияқты көрінеді маған.
Достықтың мәні – оның қадіріне жете білуде. Шынайы жанашырлықпен адами көңілмен бар пейіліңді бір - біріңе арнағанға не жетсін? Иә, сынақтан өткен, бір - біріне сенген жандар ғана дос болады. Әйтсе де, достың бәрі бірдей емес. Кейде асыл дегенің жасық, күн дегенің көлеңке, қуаныш дегенің қайғы... болып шығады. Иә, жаныңа жақын балаған адамның қасыңа айналып кетуінен қатерлі өкініш те жоқ шығар. «Екіжүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны қауіпті» (Ж - Ж. Руссо) дейтін сөз бар.
Осындайда өзім құрметтейтін кейіпкерім, ардақты ағам Нұрдәулет Сәрсеновтің мына сөзі ойға жиі оралады: «Сенімсіз достар - әншейінде қасыңнан кетпейді, ал басыңа бұлт үйірілгенде таппай қаласың. Нағыз дос қандай кезеңде де тілеулес адам, өзгермейтін жан».
Иә, басыңды шұлғып, шынайы мақұлдап, еріксіз келісесің. Өмір өткелдерінен өтіп, талайды көрген жандардың көңілін дөп баса білген. Осындайда қай кезеңде де адамдар сыйластығы, жіберер кемшілігі, пендешілігі бір бола ма деген ойда қаласың. Себебі, дәл осыған ұқсасты дана Абай да баяғыда - ақ айтқан:
«Жаман дос көлеңке:
басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың».
Иә, жалған дос қашанда жетерлік. Тұрақсыз достық болғанынан болмағаны жақсы емес пе?
Бала кезде адамдардың көңілдері кіршіксіз. Сондықтан бір - біріне кешірімшіл келеді. Бірін - бірі жиі іздейді. Адамның жасы ұлғайған сайын достыққа талабы жоғарылай түседі. Кешірімшілдігі азаяды. Өмір жолының өз соқпағына қарай жаңа жолдастар пайда болады. Мұндайда дос болып қалатыны да некен - саяқ.
Мектепте оқып жүргенде оқушылық - альбом арнап, бір - бірімізге қолтаңба қалдыратынбыз. Небір достық туралы сөздерді көркем етіп жазуға тырысатынбыз. Әдемі сөздерді бір - бірімізден көшіретінбіз. Сондағы, ойымда қалған мына шумақты қайталағым келіп тұр:
- Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досың менен қасыңды!
* * *
ӨМІР ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР, шаршау, аңсау, ойлау, уайымдау, күту, шыдамсыздану, жету, жете алмау... «Адамға ең мұқият зерттейтін нәрсе ең алдымен оның өзі. Өзінің жан - дүниесі» (Л. Толстой) дегендей, ішкі дүние иірімдері, толқындары қашанда мазасыз - ау...
Білмеймін, қазіргі заман ағысын түсіну қиын. Адамдар өзгеріп бара ма, қалай? Сыйласуды емес, тек дүние табуды ойлайтындай. Мынау үлкен әлемнің, тынымсыз тіршіліктің мән - мағынасы тек сол ма, айтыңдаршы ағайын?
«Ақшаң көп болса - өзіңді бақытты санар ма едің?» деген сұраққа американдықтардың көбісі «жоқ» деп жауап беріпті. Гэллап институтының айтуынша, американдықтардың отыз сегіз проценті мүлдем бай болғылары келмейді, сексен екі проценті байлардың өміріне көз алартып қызғанбақ түгілі, оларға жандары ашитын көрінеді», - депті бүгінгі поштамен келген «Арай» журналында.
Менің айтатыным, дүние табу да керек. Бірақ, адамның асыл қасиеттерінің жөні бөлек.
Бейсенбі, 22 қыркүйек 1994 жыл
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау

Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр! Мотивация: Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр!
• Бірдеңе керек пе? Сұра. • Кездескің келе ме? Кездесуге шақыр. • Түсінікті болғың келсе, түсіндір.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Өзіңе сен әманда Өзіңе сен әманда
Табиғаттың суықтығы ештеңе емес - ау, бәрінен өмірде жаураған жаман. Білмеймін, жылытатын мына дүниенің жарқылы да, оты да азайып кеткендей ме - ау?
Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ
Қаламгер Әкім Ысқақтың 1996 жылы жарық көрген «Абзалдық әліппесі» атты күнделік-эссесі оқырмандар қауымының жоғары бағасына ие болғаны, әсіресе
Достық туралы мақал - мәтелдер №1 Достық туралы мақал - мәтелдер №1
Асы бар қазан сүйкімді, Досы бар адам сүйкімді.
Достық туралы Достық туралы
Нағыз досы бар адам – бақытты!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×