ойын сауық отауы
Үйленгісі келген жігіт
05.08.2018 4 081 0 Дауыл

Үйленгісі келген жігіт

Бұл қызықты
Үйленгісі келген жігіт
Бірде бір данышпанға орта жастағы жігіт келеді де:
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін. Достарымның барлығы үйлі - баранды, бақытты өмір сүріп жатыр. Осы маған жақсы қыз жолықпай-ақ қойды. Өзгелер қалай үйленді екен? – деп шағымданады орта жастағы жігіт.
– Бұл сұрағыңа қазір жауап бере алмаймын. Ертең кел.
Келесі күні жігіт тағы келеді.
Данышпан:
– Мен қазір шай қояйын. Содан соң әңгімелесеміз, – дейді де сөзін жалғап: – Осы уақытқа дейін жарым болуға лайық деп санаған қыз жолығып па еді?
Жігіт басынан өткен бір оқиғаны айтып береді. Соңында қыздардан көңілі қалғанын, олардың барлығы бірдей екенін айтады.
Данышпан жігітті ертең кел деп тағы қайтарады. Бұл жағдай алты рет қайталанады.
Жетіншісінде жігіт тағы бір әңгімені айтып отырғанда данышпан оның сөзін бөліп:
– Айтпақшы, саған қандай шай ұнады? – деп сұрайды.
Жігіт таңданып:
– Оған мән бермеппін. Неге сұрадыңыз? Әр келген сайын көк шай іштім, қателеспесем, – дейді.
Сонда данышпан:
– Жоқ, сен әр келген сайын әртүрлі шай іштің – бірі күш-қуат береді, біреуі тыныштандырса, енді бірі жеңілдік сезімін сыйлайды. Тек оларды асықпай ішіп, дәмі мен иісін сезіне білсең болғаны, – деп жауап береді.
Бұл әңгімеден шығатын қорытынды: мінсіз адам болмайды. Кез-келген адамның жақсы тұстары да, кемшіл тұстары да болады. Ер адам әйелінің мінезін толықтай біліп, кемшіліктеріне кешіріммен қарап, жай-күйін түсінуге тырысса ғана жақсы отбасы бола алады.

Отбасы - қасиетті мекен Отбасы - қасиетті мекен
Ерлі - зайыпты тез - тез жанжалдасып қала береді екен. Күйеуі: - Бір сөзден қалсаң қайтеді? Күйеуім ғой деп, басыңды иейін демейсің,- депті.
Бақыт құсы Бақыт құсы
Бір күні ағайынды үш жігіт апанда отырған Бақытты көріпті. Ағайынды жігіттердің үлкені келіп Бақыттан ақша сұрапты.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді: — Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат
Балдақты жігіт Балдақты жігіт
Балдағы бар бір жігітті көрдім де, Қасақана сауал бердім келдім де: «Ғафу, жолдас! Көрінбейд бір аяғың, Кешегі өткен сұрапылда бердің бе?»
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені Азынаған айғырды үйірде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр.
Табылмай бір керім жігіт Табылмай бір керім жігіт
Табылмай бір керім жігіт "Сізге ғана құштармын", - деп, көп жігіттер ғашық болды. Бір "керімін" ұстармын деп, қыз көңілі тасып толды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×