ойын сауық отауы
Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ
13.05.2018 4 777 0 Дауыл

Жүректегі жазулар. Әкім Ысқақ

Бұл қызықты
Жүректегі жазулар
Күнделік-эссе
Бірінші кітап
Қаламгер Әкім Ысқақтың 1996 жылы жарық көрген «Абзалдық әліппесі» атты күнделік-эссесі оқырмандар қауымының жоғары бағасына ие болғаны, әсіресе жастардың сүйікті кітабына айналғаны мәлім.
Күнделікті өмірде кездесіп жататын адами қарым-қатынастың, ию-қию тіршіліктің нәзік иірімдері, өзімшілдіктің отын өшіру, жүрекке жол іздеудің жолдары, жан жарастығы, мың түрлі мінез...т.б. тартымды баяндалады.
Осынау пенделік қысқа ғұмырдағы өзін түсінудегі адами қүбылыстар, толғаныстар, көңілдегі көрікті сырлар абзалдық әлеміне еріксіз жетелейді.
Көпшіліктің өтінішімен күнделік толық күйінде қайта басылып «Жүректегі жазулар» деген атпен жарияланып отыр.
Кітаптың тілі шұрайлы, жеңіл оқылады.

АРМЫСЫҢ АҚ ПАРАҚ
(кіріспе орнына)
Сен қайтесің, жаныңды мұң басқанда,
Өз - өзіңмен оңаша сырласқанда.
Ақтарылғым келеді барып менің,
Өгейсінген өзімдей мұңдастарға.
Сен нетесің сондай бір сәттеріңде,
Мұңның шаңы іліксе пәк көңілге.
Қараймын да отырам ондайда мен,
Қалам ізі түспеген дәптеріме...
Мұқағали

Неге екенін қайдам, бар қызығымды дәптерден тапқым келеді. Оңаша іздейтінім осы бір қағаз бен қалам. Қарашы, кіршіксіз таза ақ парақ! Сен қолыңдағы қаламмен жол салсаң, ол сөйлей бастайды. Тоқтасаң, тоқтайды. Көкейіңдегі айтқан ойыңды қайталайды. Нағыз бір сырласыңа, оңашада іздейтін, қайта қауышар қимасыңа айналады. Өйткені, ешкімге бөліспеген ой, сырларымды осыдан табам. Иә, кез - келгенге көрсетпейтін, көбіне құпия ұстайтын, өзгеге айта бермейтін жан - дүниеңдегі жәйттер күнделігіңнен табылады.
Сағынышпен келіп, қайта табысамын да өміріңе қосылған бір күндей жаңа парағын толтырамын. Дәптерім мен өмірім егіз сияқты. Ең бір асыл қазынам, ойларымның құпия сандығы - осы қойын дәптерім! Оны жоғалтсам - өзімді жоғалтумен бірдей деп білемін. Өйткені, бұл менің бар тынысым, тірлігім, күйініш - сүйінішім, мұң - қуанышым... ғой. Ал онсыз өмір бола ма?
Өмірдің шынайы бет - бейнесі қандай? Бір сәт тығыз жұмысыңды қойып, осыған зер салыңызшы. Біздер, адамдар туралы ойлай білеміз бе? Адам жаны сыршылдыққа, жұмбаққа толы. Бір - біріміздің ішкі дүниемізге терең үңіле білсек нені сезер едік? Аласапыран ой... мұң, азап... қиналыс, шыдамдылық, қуану... жек көрушілік... ұнату... бәрі - бәрі жатыр онда. Мұндайда «Мен адамнан артық, күрделі, одан қызықты ештеңені білмеймін. Ол - нағыз құдірет», - деген орыс жазушысы М. Горькийдің сөзін еске аласың.
Міне, күйбеңмен күнделікті тағы бір таңың атты. Тағы да асығу, әбіржу, бітпейтін жұмыс. Жабырқау көңілге шуақты сәуле іздейсің. Оны қайдан алмақсың?
Армысың, толғанысқа толы сыршыл дүние!
Жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеп шарқ ұрған көңілмен жүрегіңде жатқан бар жайды өзіңе ақтарғым келді. «Көз - нұрдың ұясы, көңіл - сырдың ұясы» демей ме?
Ал, тыңда мені, ақ қағаз!

ЖҮРЕКТІҢ КӨЗІ АШЫЛСА
БІРІНШІ БӨЛІМ
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі.
Абай
Дүйсенбі, 19 қыркүйек 1994 жыл
(сағат 17 ден 35 минөт өткенде)

Өмір – дәптер, адам – қарындаш қарау
Тауды көр де, түбіне барма! қарау
Өз жүрегіңнің үні (жүректен шыққан жеті сөз) қарау
Жамандықты жақсылықпен жеңе біл! қарау
Үш серігің мен көрігің.
Өзімшілдік отын өшіре біл!
Өз жүрегіңнің үні
Ұқыпты сөйлеу де ұқыптылық.
Жүрекке жол іздесең
Жан жарастығы
Өзіңе сен әманда
Өз жүрегіңнің үні
Ұрпақтар үндестігі
Өркендеу керек өмірде
Ақылды мен ақымақтың арасы
Жақсы мен жаманның айырмасы
Жүректе бір - жанартау
Қыс соңында көктем бар
Менің кішкентай тамшым

Өз  жүрегіңнің үні Өз жүрегіңнің үні
Сырттай қарасаң адамдардың бәрі бірдей ұқсас, біркелкі секілді. Араласа түскенде адамдар бір - бірінен соншалықты алыс, тіпті керағар, әркелкі екенін
Өзіңе сен әманда Өзіңе сен әманда
Табиғаттың суықтығы ештеңе емес - ау, бәрінен өмірде жаураған жаман. Білмеймін, жылытатын мына дүниенің жарқылы да, оты да азайып кеткендей ме - ау?
Өз жүрегіңнің үні Өз жүрегіңнің үні
Өсіп келе жатқан гүлге су қандай қажет болса, адамға да шынайы көңіл сондай қажет. Сол кішкетай ғана көңілмен мына дүние, сонау әлем ғажап боп
Өзімшілдік отын өшіре біл! Өзімшілдік отын өшіре біл!
... Қарасаңдаршы, Қаншама достан айрылдық... Біріміз нағыз, Біріміз жалған қайғырдық.... Тазалайықшы Ынтымық деген айдынды, Қалыпқа түспей
Үш серігің мен көрігің Үш серігің мен көрігің
ӨМІР ЖОЛЫ көшкен керуендей - ау. Мың - сан өткелі бар. Көрген сайын қыр - сырын түсінесің. Қырағы көзбен алдыңа үңілесің, қырсығы, азабы, тікені көп
Өз жүрегіңнің үні (жүректен шыққан жеті сөз) Өз жүрегіңнің үні (жүректен шыққан жеті сөз)
Кейде ауыр жол адамды шынықтыратын да шығар, шынықтырам деп сынық қылатын да кез болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×