ойын сауық отауы
Өзіңе сен әманда
13.05.2018 1 372 0 Дауыл

Өзіңе сен әманда

Бұл қызықты
ӨЗІҢЕ СЕН ӘМАНДА
Бәріне жауапты өзіңсің! Атқарылған ісіңе де, жете алмаған мақсатыңа да.... Өзгеге емес, тек өзіңе сен.
БҮГІН ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫМНЫҢ оныншы күні өтіп барады. Дала салқын. Бір түрлі тоңазыған сыңай байқалады. Осы салқындық өн бойыма әсер етуде. Табиғаттың суықтығы ештеңе емес - ау, бәрінен өмірде жаураған жаман. Білмеймін, жылытатын мына дүниенің жарқылы да, оты да азайып кеткендей ме - ау?
Оңашадамын. Салқын бөлме. Айнала самарқау. Жалғыздықтың бір жақсысы өзіңмен - өзің сырласасың, ойланасың. Ойлау - сірә, бітпейді. Ол шексіз нәрсе. Ойдың жиынтығы - сөз ғой. Көңіліңнің түпкірінен шыққан, санаңның сарапталған, жүрегіңнің үні...
Ертеде бір данышпан: «Білгеніңді сабырлықпен ішіңде сақта. Тойымсыз, қанағатсыз оқып үйрен. Содан соң осыдан өзім не ұғып, не алдым деп өзіңе - өзің сұрақ қой» - десе, Александр Эверет: «Өзіңізге - өзіңіз жүгініңіз, өзіңізді - өзіңіз таныңыз, өйткені, кемеңгерлік өз ішімізде жатыр дер едім. Өзіңнен артылып, тағы да өзге боламын деудің қажеті жоқ», - депті.
Мұндайда қазекем «Өз қанатың болмаса, өзгенің қанатымен ұша алмайсың» демейтін бе еді? Кемеңгерлікті іздесең өзіңе жүгін. Даналықты да өзіңнен ізде. Ішкі дүниені ақтар. Мықты болсаң жан сарайыңның жақұттарын, маржандарын көрсет. Сонда ғана өзіңнен өзіңді табасың, өзіндік үніңді естірте аласың. Өзіңді өзің сөйлетпесең, санаңды сергітпесең күші азайған тоқ көзіндей солғын тартып барып өшесің. Оталық Азия мұсылмандарына есімі таныс Әбдіхалық қары атамның (Сұлтан атаның бірге туған ағасы) «Ағынды судың харамы болмайды. Тоқтап қалған, тұрып қалған су харам» дейтін сөзі еске түсіп отыр.
Шындығында, ағынды су өзін - өзі тазалап тұрады. Адам да сондай. Жақсылыққа, ізгілікке құмар болған сайын жаны тазарады, біліктілікке, білімділікке ұмтылған сайын ой - санасы тазарады. Ал тоқтап қалған нәрсе не өшеді, не істен шығып, жарамсыз болып қалады. Өмір заңы осындай.
Өзіне өзі сұрақ қоймайтын жан жоқ шығар, сірә. Мен де сөйтемін. Соған жауап табуға ұмтыламын. Әйтсе де, сананы езгілеген сансыз сұрақтардың бәріне жауап беру мүмкін емес сияқты. Дегенмен сезетінім әрбір сұрақтың өзіне лайық жауабы бары анық. Осы қойын дәптердегі үзік сырлар, түйінді ойлар, жүректен шыққан тіркестер, адами толғаныстар, тебіреністер... сондай шақтан туғаны рас.
Сананың қатпарларындағы тіркестер тіл ұшына оралып жатады. Кейде бір дұрыс ой шыға қалса, дананың сөзіндей есте қалады. Шұғыл күнделігіме жазуға тырысамын. Сол сөз арқылы өзімді тәрбиелеймін. Өйткені, бар атқарылған тірлігіңе өзің жауаптысың ғой. Өзге емес, өзіме сенетінім сондықтан.
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау

Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе Азамат ерді бақытқа жетелейтін үш нәрсе
Өмірде біз біліп жүруге тиіс жайттар бар. Солардың бірқатарын тізіп көрейік. Өзіңіздің қойын дәптеріңізге түртіп алсаңыз артық етпейді. Ендеше,
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі
Өзің туралы жақсы пікір қалыптастырудың 9 түрлі тәсілі Әр адам әлдекіммен танысқан кезде өзі туралы жақсы көзқарас қалыптастырып, жақсы пікір
Есті көрсең кем деме. Асанқайғы Сәбитұлы Есті көрсең кем деме. Асанқайғы Сәбитұлы
Есті көрсең кем деме, Бәрі тұйғын табылмас. Қарындасты жамандап, Өзіңе туған табылмас.
Ана Ана
Бәрі де, Ана, Бір өзіңнен басталды. Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды. Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым.
Мен өзіңе не қылдым? Мен өзіңе не қылдым?
Жасы алпысқа жетпей - ақ, Қара басып, қағындым. Екі аяқтан айырылып, Төсегіме таңылдым.
Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім
Өзіңе өкпелегенім - мұңданып төккен өлеңім; соншалық ашуланғаным - жаныммен ашынғандағы үн;
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×