ойын сауық отауы
Ер - азаматты қадірлеу
16.08.2018 2 342 0 Дауыл

Ер - азаматты қадірлеу

Бұл қызықты
Ер - азаматты қадірлеу

"Біздің ауданда бір жұмбақ әйел тұрды. Ол өзгелерден асқан әдемілігімен де ерекшеленбейтін. Толықтау болатын, үнемі ескі сәнмен киініп жүретінін көретінбіз. Оны айналасына өзгеше етіп тұрған басқа қасиеттерін де байқамаппыз. Алайда күйеуі оны қатты жақсы көретін, әйеліне деген құрметі тіпті басқаша еді. Біз онысын түсінбейтінбіз. Ерінің соншалық ықыласына бөленген мына әйелде не құдірет бар?!

Бірде олардың үйлеріне жолым түсті. Кешкі уақыт болатын. Әйел асүйде кешкі астың әлегімен жүр. Күйеуі жұмыстан келіп жатты. Ең қызығы, ол күйеуінің айлық алған күні екен. Жігіт асүйге қарай өтті де, әйелінің бетінен сүйіп, қолына айлығын ұстатты. Жасап жатқан жұмысын тоқтата қойған әйел күйеуін құшақтап: "Бұл ақшаны табу үшін сенің қалай қиналып жұмыс істегеніңді білемін. Саған оңай болмады. Соған қарамастан бүкіл отбасымызды қаржымен қамтамасыз етіп, балалардың тәрбиесімен еркін айналысуыма мүмкіндік жасағаның үшін, саған рахмет!" деді.

Әйелдің алғысы мұнымен де біткен жоқ еді. Ол енді балалары ойнап отырған қонақ бөлмеге келіп, олардан ойындарын доғара тұруды, назарларын өзіне аударуды өтінді. Сосын қуанышты дауыспен қолындағы ақшасын көрсетіп: "Балалар, қараңдар! Әкелерің мына ақшаны табу үшін бір ай жан аямай еңбек етті. Қызым, енді біз саған аяқ киім ала аламыз. Ұлым! Ал, сенің енді велосипедіңді жөндеп алуға мүмкіндігің бар" деді. Балалар да мәз еді...

Сол кезде көзім отағасына түсті. Ол әйелінің сөздерін тыңдап жанында тұрды. Ал, жүзі қуаныштан, бақыттан бал - бұл жанып, жайнап тұр еді. Әйелі азаматын өзі ғана құрметтеп қоймай, асқан даналықпен балаларына да соны үйретіп жатқан болатын. Әрине, осыдан кейін ол жігіттің көзінде өз әйелінен асқан сұлу болуы мүмкін бе?!!

Ол әйел күйеуі әр айлық алған сайын осылай істей ме, жоқ па оны білмедім. Бірақ бір білгенім, бұл шаңырақта ер - азаматтың әр кішкентай жетістігі үлкен саналады әрі отағасы қатты құрметтеледі. Бұл әйел біз ойлағандай қарапайым емес екен... Ол азаматының қадіріне жете алатын, оның қара басын хандыққа дейін көтерген дана әйел екен. Біз көріксіз деп жүрген әйелдің өз күйеуі алдындағы асқан сұлулығының сырын осылай түсіндім..."

Әжем бала күнімде әкеміз тұрмақ, "ол ер - азамат қой" деп өзімнен кішкентай ініме де дұрыс сөйлеуімді қадағалап, құрметпен қарым - қатынас жасауды үйретуші еді. Сөйтсем, сонау дана аналарымыздан аманат етіп қалған осынау тәрбиенің алтын кілтін менің қарапайым әжем де маған табыстауға асыққан екен ғой... Оны фб - дағы бір құрбымның парақшасынан осы әңгімені оқып отырып ұқтым. Ұқтым да, аударып сіздерге ұсынуға асықтым)))
Авторы: Марфуға Шапиян
Дереккөзі: islam. kz

Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті
Әкенің қызына өсиеті Әкенің қызына өсиеті
Осы күнді сабырсыздықпен күткен еді. Екі жыл болды танысқандарына. Бір бірін қатты сүйген еді. Той күні өмірлерінің ең бақытты күні болады деп
Жақсы әйел туралы жақсы сөз. Жақсы әйел туралы жақсы сөз.
Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп
Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай сұрақтар қойғаны абзал? Қыз бен жігіт үйленбей тұрып, бір - біріне қандай
Кез келген жігіт пен қыздың арманы – бақытты отбасын құру. Ертеңгі күні таңдауларына өкініп қалмас үшін екеуі бір - біріне келесі сұрақтарды қойғаны
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Әйелдің күйеуіне әсері Әйелдің күйеуіне әсері
Көптеген келіншектер тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің біраз уақыт ішінде танымастай өзгеріп кеткеніне айтып, наразылық танытып жатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×