ойын сауық отауы
Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
17.11.2019 1 839 0 Admin

Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны

Бұл қызықты
Ақылды әйелінің күйеуіне айтқаны
Жігіт кафеде официант болып жұмыс жасайды. Келіншегі үйде балаға қарайды. Декретте. Жігіт жұмысына көңілі тоқ екенін жүзінен байқауға болады, әрдайын күлімсіреп жүреді. Бүгін жұмыстан сағат 23: 00 - де шықты. Жолда дүкеннен шәйға тәтті сатып алды.
Келіншегі күйеуі үйіне келгенге дейін баланы ұйықтатып шәй жасап күтіп отырды. Күйеуі есіктен кіргенде күлімсіреп қарсы алып қолындағы пакетті алып ас үйге кетті. Келіншегі ас үйден шығып диванда отырған күйеуінің қасына барып шұлығын шешіп, аяғын жуды. Күйеуі болса келіншегінің жүзіне күлімсіреп маңдайынан иіскеді.
Келіншегі күйеуіне: «мен сені күні бойы көрген жоқпын, сенімен шәй ішкім келеді»- деді.
Күйеуі келіншегіне күлімсіреп: «менде бүгін сенімен телефонмен сөйлескім келді, бірақ күн суық болғандықтан ба кафеде клиент өте көп болды. Сәті түспеді. Дәл осы үшін жолдан сен жақсы көретін тәттіні алдым, шәй ішіп әңгімелесеміз деп.
Дастархан басында келіншегі: «Білесіңбе, мен бүгін күшті тамақ жасадым, дәмін көресіңбе?".
Күйеуі: "Тамаша! Жақсы, көрейін, бірақ ұсыныс бар".
Келіншегі: "Қандай?"
Күйеуі: "Егер қандай тамақ жасағаныңды тапсам менің өтінішім бар, соны орындайсың, келісесің бе? Таппасам онда сенің қалауыңды орындаймын.
Келіншегі: "келістік".
Күйеуі тамақтың атын дұрыс табады. Келіншегі: "Қандай өтінішің бар? Орындайын қолымнан келсе".
Күйеуі: "бұдан былай менің аяғымды жууды тоқтатшы мен қатты ыңғайсызданам.
Сен өзің мен секілді оқымаған болсаң түсінетін едім, бірақ сен Алматының ең мықты, ең қымбат университетін грантпен оқып, қызылға бітірдің. Ағылшын тілін жетік меңгергенсің, жұмыс жасап жатқан орының да әлемдік беделді компаниялардың бірі. Білесің бе Алланың ісіне таң қаламын мен секілді қазақшадан басқа тіл білмейтін, дипломы жоқ адамға сені жар еткеніне. Сендей нығметті маған сыйлаған Аллаға қанша шүкір етсем де аз. Сол үшін мені ыңғайсыз жағдайға қалдырма онсыз да мен сенен разымын. Өйткені, сен көрікті қанағатшыл ақылдысың
Келіншегі: "Білесің бе, менің артымнан жүгірген жігіттер өте көп болды: жағдайы жақсы, абыройлы, атақты бірақ, ешқайсының деңгей дәрежесі шіреніп жүргеніне қармастан сенің қасыңда бәрі боқмұрын.
Күйеуі: "Басқалар жайлы жаман сөз айтпашы, өтінем".
Келіншегі: "Білесің бе, сенің қай жеріңе ғашық болдым? Сенің бойыңдағы еркіндік пен азаттықтан туындаған өр мінезіңе.
Байқағаным сені жоқшылық қиыншылық, аштық, адамдардың ой - пікірі езе алмайды. Сен олардан азатсың. Атақ, абырай, әйел, қымбат көлік, үй, мол табыс сені тұтқындап құлы қыла алмайды. Сен оларға да мойынсұнбайтын асаусың. Осындай өр мінезіңе қарамай мейірімді және кішіпейілсің.
Сенің қасыңда өзімді қауіпсіз, сенімді және еркін сезінемін. Өтінішіңе келсек өкінішке орай орындамаймын. Өйткені, байқағаным соңғы кезде менен ыңғайсызданып өзіңді төмен санай бастадың. Сен менің дипломымды, оқыған жерімді, ағылшын тілін білгендігімді, жұмыс орнымды есепке алып өзіңді төмен сезінуіңді тоқтатпайынша мен де сенің аяғыңды жууды тоқтатпаймын. Маған басыңды иетін болсаң, ӨЗІМДІ КЕШІРМЕЙМІН..."
Қандай керемет, Алла разы болсын осы келіншекке! Өнеге алатын терең әңгіме ғой, шіркін.
Ұлы бар аналарға ибалы келін кездессін

Ақылды әйел Ақылды әйел
Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты. Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет
Сәлем салудың нығметтері Сәлем салудың нығметтері
Арайлым бұл үйге келін болғанына 7 жылдан аса уақыт болды. Келген жері өте жақсы отбасы еді. Алпысқа жақындаған атасы мен елуді еңсерген енесі
Аналарымыз аман болсын! Аналарымыз аман болсын!
- Апа, не істеп жатсыз? - дейді үлкені күлімсіреп. - Осы жерде жатсаңдар, қазір поезд келеді соны көресіңдер, қозғалмаңдар, жарай ма?- дейді өгей ана
Қожанасыр мен ұры Қожанасыр мен ұры
Бір күні ұры Қожанасырдың қалпағын ұрлап алып қашып кетті. Қожанасыр дереу жақын маңдағы зиратқа барып күтіп отырды. Оны көрген адамдар: - Сіз мұнда
Күлімсіреп тұрған қыз жігіттерге ұнайды. Күлімсіреп тұрған қыз жігіттерге ұнайды.
Қыздардың бойындағы тартымдылық қасиетінің тағы бірі деп – күлкіні айтуға болады.
Бақытты отбасын құрудың құпиясы Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен, Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×