ойын сауық отауы
Әкенің қызына өсиеті
24.09.2019 5 901 0 Admin

Әкенің қызына өсиеті

Бұл қызықты
Жас жұбайлар көлігінде ерекше бір үнсіздік орнады. Жаңа түскен келін мен күйеуі жігіт екеуі өкпелі, бір бірімен сөйлеспей бара жатты. Көлікке отырғанға дейін өз өзін қинап, күліп жүрген еді, енді бүкіл энергиялары біткен секілді. Осы күнді сабырсыздықпен күткен еді. Екі жыл болды танысқандарына. Бір бірін қатты сүйген еді. Той күні өмірлерінің ең бақытты күні болады деп ойлаған Әлия. Ол үшін бұл күнді желкеден шығарған қайын енесін бір қасық суға батырғысы келді жас келіннің. Қайын енесі ешкімді тыңдамай, өзі қалаған арзанға түскен бір тойхананы жалдаған болатын. Тойхана шақырған қонақтар үшін тар болды, қонақтар сыймай қалды, орынсыз қалғандар да болды. Әлия мен анасы осы жағдай үшін қатты ашулы болды, көңіл күйлері болмады. Әлия той біткенге дейін үнсіз отырды, Арман үшін бұл жағдай проблема болып көрінбеді, Ата - анасы бәрі жақсы болсын деп жүгіріп жүрді, орынсыз қалғандарға орын табуға тырысты. Той біткеннен кейін Әлия ата - анасымен қоштасты. " Сүйемін - күйемін демесең, мен бұл сараңдарға қызымды берер ме едім?"- деді Әлияның анасы. Әлия анасына қандай жауап берерін білмей тұрды. Әкесі ешкімге байқатпай қызының қолына бір конверт ұстатты. "Осы хатты үйге келген кезде міндетті түрде оқы қызым"- деп Әлияның құлағына сыбырлады.
Үйлеріне жеткенге дейін үнсіз болды жас жұбайлар. Арман қалтасынан үйдің кілтін шығарды, бірақ есікті ашпады. Әлияға қарап " Жаным әйелім, кел осы уақыттан бастап бүкіл проблемаларды осы үйдің сыртында қалдырып осы үйге екі ғашық болып кірейік. Болып жатқан жағдайлар еш бірі бізден маңызды емес" деді Әлия "Жарайды" деп айта алмады. " Той барысында ішінде жиналған, айтылмаған сөздер де бар еді. Оларды Арманға айтпағанға дейін жаны тыныштық таппады. "Саған айту оңай әрине..." деді. Тойым желкемнен шықты, Әрине, ананың жасағанын естігін келмейді. Осыдан кейін анаңды көргім келмейді" - деді Әлия.
"Ол той менің де тойым болды, сенің көңілсіз болғаның менің де көңіліме қаяу түсірді... бірақ не істей аламыз болған болды. Осының бәрін сыртта қалдырайық деп саған осы гүлді сыйлаймын жаным"
" Есікті аш, мен қатты шаршадым, тұрып тұратын жағдайым жоқ" - деді Әлия.
" Жарайды, мен де шаршап тұрмын, қазір тойға қатысты ештеңені естігім келмейді, ертең сөйлесеміз" - деді Арман. Үйге кіргеннен кейін сөйлеспей, екеуі де жатып қалды. Бір біріне қол тигізгісі де келмеді. Әлия алдын ала дайындаған жібек киімінің орнына ескі пижамасын киіп, төсектің бір бұрышына жатты. Арман да екінші жағына жатты. Қатты шаршағанына қарамастан бір түрлі ұйықтай алмады.
Әлияның есіне әкесі берген хат түсті. Сөмкесінен шығарып оны оқи бастады.
" Сүйікті қызым менің Әлиям! Бүгін ұядан ұштың, енді өз жанұяңды құруға уақыт келді. Алла жазса өте бақытты боласың қызым. Сенің бақытыңа пайдасы тиетін менің әкелік насихатым бар. Бұларды саған айтайын ба деп көп ойландым, бірақ " Сөз ұшып кетеді, жазғанын қалады" дейді. Қалсын деп мен де хат жазуға шештім. Мүмкін маған " Әке сенің бақытты отбасылық өмірің бар ма, маған насихат айтатындай" дерсің. Білемін қызым. Сол үшін осы хатты жазып жатырмын. Біз анашың екеуміз бір бірімізге ғашық болып үйлендік. Бірақ ғашықтығымыз ұзақ өмірлі болмады. Мен де анаң да қателіктер жасадық. Бұл махаббаттың неге біткенін, неге махаббатсыз өмірге душар болдық мен өз ойыма қарай ашықтаймын, анаң да өз ойына қарай ашықтайды. " Қыз балалар анасынан үлгі алады" дейді. Мені анаңның суытқан қателіктерін жазамын сен де оларды жасамауға тырыс қызым. Өйткені сен әйел баласы болғандықтан ерлердің қандай нәрселерден көңілі қалатынын білмейсің. Осы сөздерім құлағыңа алтын сырғадай болсын. Жаным қызым, еркекті үш нәрсе "жұқартады". Біріншісі: Әйелі жағынан құрмет көрмеуі, тәрбиелеп жатқан бала секілді көруі. Бұл нәрсе еркекті ренжітеді және әйеліне болған махаббатын азайтады. Әйел күйеуіне отағасы үй бастығы ретінде қарау керек қызым. Бір еркектің нағыз еркек болуға жол берілмесе, жағдай бұзылады. Жаным қызым жолдасыңды құрметте, ол да саған махаббатын көрсетсін.
Екіншісі: Әйел күйеуінің отбасын жақсы көрмесе, сыйламаса еркек әйеліне қатты ашуланады. Жаным қызым жолдасыңның туыстарын құрмет ет, оларды жақсы көруге, олармен жақсы қарым қатынаста болуға тырыс. Оларды өсектеме, қателіктер әлбетте болады, барлығымыздың да қателіктеріміз бар. Қателіктеріне мән берме. Ешқандай еркек " Сені қатты сүйемін ғашығым, бірақ анаңды сүймеймін.." деген әйелдің сөзі рас екеніне сенбейді. Әйелдердің көбісі дәл осылай сөйлемесе де, қайын анасын жақтырмайтынын мүмкіндік туған кезде көрсетеді. Бір еркекке " Анаң өсекші, анаң саран, анаң мен жайлы жаман сөздер айтады, анаң салақ...." деп айтуы, еркек үшін "Сен өсекші, жаман бір әйелдің, жаман баласысың" деп айтқанымен тең. Еркектер бұл сөзді " Сен жаман әйелдің жақсы баласы деп түсінбейді ешқашан. Еркектер табиғатынан қорғаушы болып келеді. Отанды, отбасымызды қорғау біздің борышымыз. Тек қана әйелімізді және балаларымызды емес, анамызды, қарындастарымызды де қорғаймыз. Күйеуінің анасы жайлы айтқан әр жаман сөз, күйеуінің жүрегің жаралаған үлкен бір жара болады. Ол жара жүрегің қанатады, ауыртады. Кішкентай жаралар көбейген сайын, үлкен жара болып қалады. Ол жаралы жүрек, сені жаным қызым, қалай сүйеді деп ойлайсың? Еркектің жүрегі әйелінікі, әйелдің жүрегі еркектікі. Жолдасыңның жүрегінде саған деген махаббат болғанда, бұл сенің жүрегің қызым. Ол жүректі жаралама, жақсы күт маххабаттарың зиянға ұшырамасын. Қайын анаңның қателіктерін көрсету үшін бостан босқа әуре болма. Әйелдер ойлайды екен, біз еркектер аналарымыздың қателіктерін көрмейміз деп, бірақ біз аналарымыздың бүкіл жасаған қателіктерін көреміз, бірақ әйеліміздің алдыңда оларды мойындау намысымызға тиеді. Анамыз балалық шағымызда бізді қалай қорғаса, біз де анамызды қорғауды қалаймыз. Осы үшін әйел қайын енесінің қателіктерін айтқан сайын, еркек анасының қателігін көріп тұрып, анасын жақтайды. Қайын енең сен жайлы жаман сөз айтса да, сен ол жайлы еш жамандық айтпа қызым. Бір бірін жамандаған екі әйелдің арасында қалған еркек, анасын жақтайды, оған сенеді. Ол кісімен қан байланысы және бірге тұрған өмірі бар. Оны туған, өсірген, оған көп еңбек еткен, оны адам қылған анасынан бұрылып кетіп, әйелін жақтағысы келмейді. Ақылды әйел еш уақытта күйеуін анасының және өзінің арасында қалдырмайды. Жолдасына анасының қателіктерін көрсеткің келсе анасын мақта, анасы жайында жақсы сөздер айт. Мысалы: Анасы "әйелін жаман, салақ т. б... десе, сен болсаң "анаң өте жақсы адам, ол кісіні жақсы көремін деп айт. Еркек не ойлайды? " Әйелім қандай керемет жан, анам оны қызғанғаннан солай айтады. Осыдан кейін анасы сен жайында не айтса да айтсын, күйеуің оған сенбейді, керісінше өзіңді одан сайын бағалайтын болады. Солай, жаным қызым менің, күйеуіңнің отбасымен өз өзіңді бекер әуреге түсірме. Махаббаттарыңа өз қолымен зиян келтірме. Қайын енең не істесе де істесін, сен дұрыс мінез - қылығыңды көрсеткен, бақытыңа көлеңке түспейді. Келіндер көмек бермесе, қайын аналар сендердің отбасыларыңа зиян келтіре алмайды. Күйеуіңмен болатын ұрыс керістерге отбасын араластырма. Отбасыларымыз біздің әлсіз жағымыз. Оларға күшіміз жетпейді, қаласақ та оларды ауыстыра алмаймыз. Бұл себептен күйеуіңді әлсіз нүктеден соқпа сені жеккөрмесін қызым.
Үшіншісі: Әкенің қызына бұл нәрсені айту дұрыс па емес па білмеймін, бірақ әйелдің күйеуімен төсекте бірге болуға бас тартуы, еркекті ренжітеді, жаралайды, әйелінен суытады. Сүйікті қызым Әлиям, айтқым келгенім осы. Бұл сөздерді, оқып қана қойма, бұл сөздерде жылдар тәжірибесі бар қызым. Бұл сөздерді анаңа түсіндіре алмадым, біз бақытты бола алмадық, бірақ сен жаным қызым бақытты бол. Сені қатты жақсы көретін әкең.
Әлия қолындағы хатты ұстап көп ойланды. Хатты тағыда екі рет оқып шықты. Сосын тұрып, осы түн үшін дайындаған жібек киімін киіп, оған теріс жатқан күйеуін құшақтады. Құлағына " Жамандықтардың бәрін сыртта қалдырамын және осы сәттен бастап анаға жақсы қарауға, қателіктерін көрмеуге сөз беремін" деді. Оған қараған күйеуінің көздеріндегі махаббаттан басқа ештеңе маңызды емес екенін көрді Әлия.

Сәлем салудың нығметтері Сәлем салудың нығметтері
Арайлым бұл үйге келін болғанына 7 жылдан аса уақыт болды. Келген жері өте жақсы отбасы еді. Алпысқа жақындаған атасы мен елуді еңсерген енесі
Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді Бала айтқаныңды емес, көргенін істейді
Оның әкесі ол құрсақта жатқан кезінде - ақ қайтыс болып кеткен еді. Содан бері оның арқа сүйер әкесі де, қамқор болар анасы да, бірге ойнайтын аға -
Әлия Әбікен - Ана тілегі Әлия Әбікен - Ана тілегі
Болсын қызым жолың ақ, некең берік. Бара жатқан жайың жоқ бөтен келіп. Бір кездері мені де сен сияқты, Алып кеткен үйімнен әкең келіп.
Ақылды әйел… Ақылды әйел…
Бұл қауым көшіп - қонып жүріп өмір сүруді əдетке айналдырған еді. Араларында өте қартаң анасы бар бір кісі де болды.
Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен – Неге? Қанат Үмбетов & Әлия Әбікен – Неге?
Неге? Тым ауыр бәрі жаным. Сүйгеннің соры қалың, Мен әлі сағынамын...
Жас келін Жас келін
Жаңа түскен жас келін, Кемпірлерге ас келін. Орамал - шаршы бермесе, Абұйырсыз тас келін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×