ойын сауық отауы
Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз
07.12.2019 323 0 Admin

Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз

Бұл қызықты
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын болғандықтан, ең негізгі нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет — сабырлылық. Кісінің иманы сабырлылықпен толығады.
Әсілінде, бала тәрбиесі ана құрсағында жатқанда - ақ басталмақ керек. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Себебі дәреттің денсаулық үшін пайдасы көп. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Құран Кәрімде: «Алла тағала барлық кемшіліктен пәк, таза болған соң, құлдарынан да тазалықты талап етеді» дейді. Әрдайым басына орамалын тағып, «Биссимиллаһир рахманир рахим» десе, ана сүтінде береке болады.
Басында орамалы жоқ, ұйпа - тұйпа шаштан бала да шошиды. Осыны пайдаланған шайтан бастағы қайызғақтан баланың аузына емшекпен бірге салып тұрады екен. Бұл балаңыз кір нәрсені ауызға алып отыр деген сөз. Ондай бала әлбетте ашушаң, тұрақсыз болып өседі. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана — өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек.
Сондай - ақ құрсақтағы бала мен ананың өмірін бір - бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, Құранды ашып оқу, намаз оқу, жақсы әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді жақсы істер баланы рухани жағынан байытады. Мұны көбі біле бермейді. Осы білмегендіктен бармақ тістейтін жағдайлар орын алуда.
Сондай - ақ, ананың ішіп - жегені халалдан болуы тиіс. Бұл таза тағам жеп отыру деген сөз. Харам етілген, естен адастыратын нәрселерді қолданбауы керек. Себебі мұндай тағамдар арқылы адамның ішіне шайтан кіреді. Құран Кәрімде: «Ей, адамдар, жер бетіндегі таза және адал нәрселерді жеңдер» деп бұйырылады. Арақ, шошқаның еті, шұжығы, яғни харам бар жерге періштелер жоламайды. Өкінішке орай, осындай әңгімені жүре - бара тыңдайтын ата - ана баласының жақсы болып өсуін уысынан шығарып алып жатады.
Хадисте: «Балаларыңды өздерің болмайтын уақыт үшін тәрбиелеңдер, өйткені олар сендер болмайтын уақыт үшін жаратылған» — дейді. Қазіргі кезде «баланың тәрбиесіне бірінші шеше, онан соң мектептегі мұғалім жауапты» деген түсінік бар. Бұлай болуы заңды да шығар. Бірақ бұл жерде ең басты болып саналатын әке жауапкершілігін де ұмытып бара жатқан сыңайлымыз. Құранда: «Әйел мен ер, олар бірдей құқыққа ие. Алайда жауапкершілік жағынан ер адам бір саты жоғары тұрады» — делінген. Баланы асырап бағу, тәрбиелеп өсіру әкеге де міндет. Кейбір жанұяда баласы жаман қылық танытса күйеуі әйеліне: «Сен осы балаға қарамай, не істеп отырсың?» деп жерден алып, жерге салады. Барлығын шеше байғұсқа ысыра салып отыратын осындай әкелер көп. Әке дөрекелік мінез көрсетіп, балаларына немқұрайлы қараса, ол тәрбие емес. Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болу керек. Сәби екеуінің ортақ баласы.
Имам Мүслім риуаят еткен мынадай сөз бар: «Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ». Ендеше барлық жақсылықтың бастауы — имандылық. Ол барлық тәрбиенің жиынтығы. Тәрбиенің негізі отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады
Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Мұсылмандық бойынша жыныстық қатынастың әдептері мен шарттары. Мұсылмандық бойынша жыныстық қатынастың әдептері
Дені сау, текті, рухты ұрпақ өсіру үшін де о баста ескеретін жайттар бар. Ол жыныстық қатынастың әдептері мен шарттары.
Баланы қырқынан шығару Баланы қырқынан шығару
Нəресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата - ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі.
Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар Сәби, балаға қатысты ырым - тыйымдар
Бос бесікті шайқама Құран сөзін қайтала, білмесе жұрт айта ма? Әлі бала жатпаған, бос бесікті шайқама. Ғибрат сөз ұққанға, үйге кіріп, шыққанда. Өліп
Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер Қазақтың ұлы тұлғаларынан қалған қанатты сөздер
Қанатты сөздер. Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі Қыз тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Әке тәрбиесі баланы материалдық тұрғыда қамтамасыз етумен ғана шектелмейді. Қыз баланың дамуында, толыққанды азамат болып өсуінде анасының бере
Баланың бақытына жауапты кім? Баланың бақытына жауапты кім?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан
Ең сұлу әйел – жүкті әйел Ең сұлу әйел – жүкті әйел
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз