ойын сауық отауы
Ең сұлу әйел – жүкті әйел
16.05.2017 6 247 0 Дауыл

Ең сұлу әйел – жүкті әйел

Бұл қызықты
Ең сұлу әйел – жүкті әйел
Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу - Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.

Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:

«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір шайнам ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын удғаға сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс қылдық. Алла ең керемет Жаратушы ("Муминун" сүресі, "12 - 14 - аяттар)» - деп баяндалады.

Жүктілік кезең – бала тәрбиесі тұрғысынан маңызды кезеңдердің бірі. Себебі, қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша, баланың мінез - құлқының кейбір тұстары осы кезеңде қалыптаса бастайды. Гинекология саласының мамандары: «Іште жатқан сәбидің қимылдары анасының қуанғанына немесе қайғырғанына қарай өзгереді. Анасы мұңайғанда қимылсыз жатқан сәби, анасы қуанғанда жыбырлап қозғала бастайды. Осылайша сәби жатырда жатқан кездің өзінде анасының психологиялық күйіне қарай көңілді, мұңды немесе томаға тұйық мінезді болып өседі» - дейді.

Ананың психологиялық көңіл - күйі (ұрыс керіс, қуаныш т. б.) қан арқылы балаға өтіп тікелей әсер етеді. Егер ана ренжісе немесе бір нәрседен қорықса, ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынша балада да сондай көңіл - күй пайда болады. Аяғы ауыр әйел баспалдақтан шыққанда, темекі тартқанда іштегі сәбидің жүрек соғысы жиілей түседі. Ал анасы шаршағанда қимыл - қозғалысы үдей түседі. Темекі шегетін әйелдер қылмысқа бейімдеу ұрпақ әкеледі.

Бес айлық кезінде жатырдағы баланың есту мүшесі жетіліп, сырттан келген дыбыстарды ажырата бастайды. Осы кезеңде балада өмір бойы қолданатын ми клеткаларының жартысынан көбі пайда болады. Ал жүктіліктің 28 - аптасынан бастап іштегі баланың қабылдау қабілеттері артып, тіпті анасы жеген тәттіні сезіп, қуанады екен. Сондай - ақ, жүктілік кезіндегі стресс бала денсаулығындағы кінәраттарға жол ашады.

Жүктілік кезінде ана Құранды көп тыңдап, өзі де дауыстап оқитын болса, баланың жатырда жатып - ақ баланың Құранмен танысуына жол ашылады. Құлшылығын атқарып, дұғасын жасаса, іштегі сәбиімен бірге жалбарынғандай болады. Анасы әрбір әрекетіне мұқияттылық танытып, мұсылмандыққа сай өмір сүрсе, іштегі баласы сол кезде - ақ бақыттылардың қатарына қосылады. Себебі, Пайғамбарымыз (с. ғ. с.): «Бақытсыз адам анасының құрсағында жатқанда - ақ бақытсыз, бақытты адам анасының құрсағында жатқанда - ақ бақытты» - деген.

Міне, сондықтан жүктілік кезінде ана әрбір ісіне, сөзіне, денсаулығына, көңіл - күйіне баса мән бергені жөн. Жаны сұлу әйелден жаны сұлу ұрпақ туады. Алла әрбірімізге сондай ұрпақ өсіруді нәсіп етсін.

Дереккөзі: mazhab. kz

Жақсы әйел туралы жақсы сөз. Жақсы әйел туралы жақсы сөз.
Бір әйелден: «Бұл өмірде сенен басқа әйел жоқтай, күйеуің не үшін сені соншалық жақсы көреді? Алайда дүниеде сенен де сұлу әйелдер бар ғой?» деп
Еркектер үшін дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі - әйел тілін алу. Еркектер үшін дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі -
Жұрт молда түскен үйге жиналып, оны қоршап алып уағыз тыңдапты. – Дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі – әйел тілін алу, – деп бастайды молда уағызды.
Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар
Қыз - келіншек. Қай ата - ананны алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуіне, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана
Әйел - сенің ақылшың Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн - ау бір.
Сұлу әйел Сұлу әйел
Баяғыда бір жігіт көпке танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен: "Мен
Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды Жақсы әйел – ері ұялар іс қылмайды
Әйеліңіз әдемі болсын десеңіз көңіл бөлуден жалықпаңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×