ойын сауық отауы
Баланың бақытына жауапты кім?
26.09.2017 3 925 0 Дауыл

Баланың бақытына жауапты кім?

Заңдық кеңес

Баланың бақытына жауапты кім?

Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады.
Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін.

Сіз балаңызды мейіріммен тәрбиелегіңіз келсе психологтың кеңесіне құлақ түріңіз:
Баланы жақсы көру, мейірімділікке тәрбиелейді.
Балаңыздың айтар сөзіне мән беріңіз.
Баланы кішкене күнінен бастап, жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.
Отбасының шаттыққа бөленуі, отанасына байланысты ал ер азаматы қорғанышы ғана.
Жылулықты да сездіретін әйел адам, бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы, мен баласы. Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында.
Баланың бақытты болуы, анасы мен әкесіне байланысты. Сонда ғана бала да бақытты болады.
Ана неғұрлым өз баласын, сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе бала өскенде мейірімді болып өседі.
Әкесімен анасының мейіріміне қанығып өскен бала, болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзсіз.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп, қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бала болған үйде шаттық та, қуаныш та болады. Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да, қызықтырмай қоймайды.

Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға жәрдемдесері сөзсіз. Сондай - ақ, өз баласын түсінбей жүрген ата - аналар да бар. Кінәні баладан іздегенше, өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойланыңыз. Бала сіздің іс - әрекетіңізді қайталаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.

Баланың бақытты болуы әке-шешесіне байланысты!

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Зейнеп апаның кеңестері Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Баланы қырқынан шығару Баланы қырқынан шығару
Нəресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата - ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырқынан шығару қамына кіріседі.
Мейірімділік - асыл қасиет Мейірімділік - асыл қасиет
Бала бақыт, бала қуаныш, бала жүрегіңіздің жартысы мен жан жүрегіңіз. Балаға мейірімді болудың ешқандай да зияны жоқ қайта балаңыз өскенде, өз
Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар Бала тәрбиесіндегі еврейлер ұстанатын қағидалар
Баланы әр ұлт өзінше тәрбиелейді. Бала кезден көрген тәрбие өсіп - өнгенше оның бойына азық болады. Қазағым «тәрбие – тал бесіктен» деп бекер
Бала бақытының құпиясы Бала бақытының құпиясы
Ата-аналардың көпшілігі балаларының жағдайын жасауға барынша күш салады, балада бәрі болуы керек: ойыншықтар, тәлім-тәрбие, білім. Дегенмен де,
Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №1 Мақал - мәтелдер (Ата –ана, ұл мен қыз) №1
Анадан артық дос бар ма? Ашудан жаман қас бар ма? Жиырма бестен жақсы жас бар ма? Қымыздан тәтті ас бар ма?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×