ойын сауық отауы
Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
03.03.2016 2 417 0 Дауыл

Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі

Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,
Дәлелсiзге нанам деп болмаймын мат.
Бастағы көз‚ құлаққа сенiмiм жоқ,
Терең ой мен ақылға айтамын дат.
Пайғамбар, әулие айтты десе - дағы,
Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат.
Шатақ дiнге, әдетке не бiлгiшке
Ноқталатпай ойымды қылам азат.
«Ақылға билетпеген пенде – айуан»‚
Десем де бола қоймас сөзiм ағат.
Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,
Молдалар маған қоймақ кәпiр деп ат.
«Ақылыңа сынат,– деп,– дәлел айтқан»
Құраннан табылады талай аят.
Тәпсiр деп қасиетiн талқан қылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
Бетiне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұзса - дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат.
Жаман тәпсiр жайылып жер жүзiне‚
Дiн десе тұра қашты естi азамат.
Бар обалы олардың тәпсiршiде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатенi түзеткен әлiмдер көп,
Соның сөзiн оқысам, боламын шат.
Қиянатың бар болса‚ иманың жоқ,
Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат.

Бейісте бар сұлу жар Бейісте бар сұлу жар
«Бейiсте бар сұлу жар, Мінсiз таза хор қыздар, Рахат берер бал кәусар»,– Дейдi бiздiң молдалар.
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса
Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса, Аңсағанға қандай ем, сусын тапса?! Алыста жаяу қойшы көрініпті, Мөлдір бұлақ су іздеп келе жатса.
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр
Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр. Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Достық һәм көз жасы Достық һәм көз жасы
Достықты мастық туғызад, Шын-шын достар - екі мас. Жүректі мастық өртейді, Төккізіп көзден ыстық, жас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×