ойын сауық отауы
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр
04.03.2016 3 888 0 Дауыл

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...

Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық‚ аштықтан сақтау үшiн
Зұлымдық пен айланы қылады сеп.

Айуан – етiн, терiсiн, сүт пен күшiн,
Ара – балын, су – балық, жер – жемiсiн,
Құс – денесiн‚ жүнi мен жұмыртқасын
Сақтап жүр ғой дейсiз бе адам үшiн.

Олардың да ойы бар өсiп - өнбек,
Кiмге оңай өмiр өтiп, оты сөнбек?
Адамның таза ақылы жанды қимай,
Амалсыз қиянатқа о да көнбек.

Сөйтiп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейiл, мейiрiм жоқ –
Осы болар таза ақыл өлдi демек.

Сондықтан адам – залым, әлемге жау,
Ебiн тапса, қоймайды ешкiмдi сау.
Жер бiлсе адамзаттың бұл қылығын
Үстiнен бәрiн төгiп тастар едi - ау.

Олай қылмай, билесе бәрiн ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл.

Ақыл - Сәбит Дөнентаев Ақыл - Сәбит Дөнентаев
Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.
Ақыл туралы мақал - мәтелдер Ақыл туралы мақал - мәтелдер
Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі
Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚ Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат. Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп, Сырым бiлмей сыртымнан қылма
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек. Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық, Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.
Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат) Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)
Дамыл көрмей ерте - кеш, Жұрттың қамын көп жедiң. Байладың белдi, салып күш, Тыныштық жүзiн көрмедiң.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×