ойын сауық отауы
Бейісте бар сұлу жар
05.03.2016 2 202 0 Дауыл

Бейісте бар сұлу жар

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

«Бейiсте бар сұлу жар,
Мінсiз таза хор қыздар,
Рахат берер бал кәусар»,–
Дейдi бiздiң молдалар.

Айтады да бұл сөздi,
Арақтан тыйды ол бiздi,
«Сүйме,– дейдi,– бiр қызды»,–
Молдекемнiң жыны бар.

Кәусарың рахат бермесе,
Мас қылмай iштi кернесе,
Хорды асық боп көрмесе,
Несiн мақтап қылдың зар?

Кәусары болса арақтай,
Хор қызы болса қарақтай,
Қоймас па едi жаратпай,
Бейiске ондай арам нәр.

Қызына асық болмаса,
Мастықпен көңiл толмаса,
Көкейiме қонбаса,
Бейiсiң маған – мұз бен қар.

Молдеке - ау, олай емес қой,
Қыз құшып, жемiс жемес қой,
Мысалмен айтқан кеңес қой,
Тәпсiрлеуге миың тар.

От емес қой дозақ та,
Дүние iсi жоқ о жақта,
Барамыз ғой қонаққа,
Сонда анықтап байқалар.

Жалықпас, бiтпес рахат бар,
Азабы оттан қиын, тар,
Нәпсiге ерген молдалар,
Қыз құшуға тым құмар.

Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар
Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар, Ешбiрi түзу емес көңiл ашар. Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi, Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар.
Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес
Бейiс, дозақ молда айтқан сияқты емес, Ақылды адам оны анық сондай демес. Құрсақтағы балаға осы өмiрдi Ұқтыр десе, айтар ең қандай кеңес?
Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған Бас көзімен қарасаң, нәпсі – жалған
Бас көзiмен қарасаң, нәпсi – жалған, Бiр сұлу қыз сықылды жұрт таңданған. Анық ақыл көзiмен қарағанда, Өзiн берер қалыңға ол қызды алған.
Атаның шаһуатының көп қой мәні... Атаның шаһуатының көп қой мәні...
Атаның шаhуатының көп қой мәнi, Ананың құрсағында қан болғаны. Құс пен адам болар деп кiм айта алар, Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Мен деген - ырза, мәз бала Мен деген - ырза, мәз бала
Мен деген - ырза, мәз бала Достар - ау, қайда тайдыңдар He берді маған ай - жылдар? Аздаған менде бақыт бар, Аз ғана менің қайғым бар.
Ләззат қайда Ләззат қайда
Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн - түні Қайдасың ләззат, рахат деп, Таппады сал боп еш мұны.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×