ойын сауық отауы
Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер
26.03.2020 2 478 0 Дауыл

Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер

Өлеңдер
Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер.
Қазақтың халық тәрбиесінде ойын - өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын - жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындаған жөн.
Бірқатар саусақ ойынына арналған өлеңдерге назар аударайық.

Бас бармақтай балақай
Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл - желпі ойындық қимылдар жасай білуге үйрету.
Тәрбиеші баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді:
Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап)
Қайда болдың?
Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады)
Орманда болдым бүгін мен.
Ал мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)
Ас пісірдім бүгін мен.
Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)
Ботқа жедім мен енді.
Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)
Айттым ән мен өлеңді.
Тәрбиеші бұл тақпақты екі - үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке - жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір - бірлеп өздері ашып отыратын болады.

«Қуырмаш»
«Қуырмаш» ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Бидай қуыр, қуырмаш.
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек,
- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа «қызмет» беріп, іске жұмсап, балдырғандардың жұдырығын жазады:
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
– деп төрт саусақты төрт-түлік малға «жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп:
Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйде жат!
- дейді де, оны «жатқызып қойып, ойыншы қол бойынан» қызық іздейді:
Мына жерде қант бар,
Мына жерде жент бар,
Мына жерде қатық бар,
Мына жерде қытық бар!
- деп қытықтап, балдырғанды еріксіз күлдіреді.

Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алма жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ!
Қала салсақ, жол салсақ....
М. Әлімбаев

Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш.
Мынау тұрған – бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы,
Болсын осы жылқышы.
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар,
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа.
Қытық, қытық, қызық - ай,
Міне, өрік, міне, май.
Е. Ашықбаев
«Қуырмаш» ойынының денсаулыққа пайдасы «Қуырмаш» ойынының денсаулыққа пайдасы
Бас бармақтан басталып, қытықпен аяқталар «қуырмаш» ойынының астарында денсаулық кепілі, терең ғылым жатқанын біле ме жұрт! Білсе ғанибет
Тырнақ алудың тәсілі мен күні Тырнақ алудың тәсілі мен күні
«Кім тырнақтарын жұма күні алып, қысқартса Алла Тағала оны келесі жұмаға дейін және үш күн артығымен бәлелерден қорғайды». «Кім тырнақтарын жұма күні
Санамақтар мен сергіту сәттерінен жинақтар Санамақтар мен сергіту сәттерінен жинақтар
Нешеуміз Бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым - әкем, Балалы үйрек – анам, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек –
Балаларға арналған өлеңдер Балаларға арналған өлеңдер
Балаларға арналған әндер тексті
Бес саусақ Бес саусақ
Бес саусақ. Атам шақырып алды да, Отырғызды алдына. — Бес саусақтың атын біл, Тоқып алғын жадыңа! Бас бармағың — ата - анаң, Үлкеңдерден бата алған.
Балаларға арналған тақпақтар, өлеңдер жинағы Балаларға арналған тақпақтар, өлеңдер жинағы
Бізге тәртіп үйреткен, Ән салдырып, билеткен, Таныстырған ең алғаш Әріптермен, суретпен, —
Күйім тасып барады, күйім тасып. Қасым Аманжолов өлеңі Күйім тасып барады, күйім тасып. Қасым Аманжолов
Күйім тасып барады, күйім тасып, Ойнақтайды он саусақ перне басып. Дүниеге қараймын отты көзбен, Терезесін жанымның айқара ашып.
Ішкі ой Ішкі ой
Қолын алдым ақын аға Әбілда, Елу жасқа келген кезде алдыңда. Бір топ ақын дүркіретті өлеңдер, Қала алмады бала көңіл жадымда.
Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды Қазпочта ұялы телефондарға арналған бағдарламасын
«Қазпочта» АҚ post. kz ұлттық пошта және қаржы қызметтері порталының ұялы телефондарға арналған бағдарламасын іске қосқанын хабарлайды.

Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Пікір білдіру
код көрінбесе қайта басыңыз