ойын сауық отауы
Бес саусақ
29.08.2018 7 503 0 Дауыл

Бес саусақ

Өлеңдер
БЕС САУСАҚ

Атам шақырып алды да,
Отырғызды алдына.
— Бес саусақтың атын біл,
Тоқып алғын жадыңа!
Бас бармағың — ата - анаң,
Үлкеңдерден бата алған.
Аман жүрсе қалқайып,
Қалмас елден, қатардан.

Балаң үйрек — бауырың,
Ақыл қосар қауымың.
Қысылғанда болысып,
Берер соңғы тауығын.

Ортан терек — нағашың,
Сол үйде өскен анашьщ.
Қамқор болып жүреді,
Еркелеп те аласың.

Аты жоқ саусақ — достарың,
Жақсы болса қостағын.
Жаман мінез көрсетсе,
Қатарыңа қоспағын.

Кіші бөбек — білімің,
Терең болсын ілімің.
"Ұлық болсаң — кішік бол",
Дей көрмегін: ірімін.

Бес саусағың — бақытың,
Сонда балам, бар құтың.
Бес саусағың біріксе,
Текке кетпес уақытың.

Санамақтар мен сергіту сәттерінен жинақтар Санамақтар мен сергіту сәттерінен жинақтар
Нешеуміз Бір үйде нешеуміз? Кел, санайық екеуміз. Бас бармағым - әкем, Балалы үйрек – анам, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек –
Бөбек бөлеу  (Ана жыры) – Ілияс Жансүгіров Бөбек бөлеу (Ана жыры) – Ілияс Жансүгіров
Бол - бол бөбек, бол бөбек, Бөлейін бері кел, бөбек. Бедерлі бесік, төрт есік, Төгілте салдым тор төсек.
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келіндер жайлы мақал-мәтелдер
Келіндер жайлы мақал-мәтелдер Келін жақсы болса немере тәтті Әр елден келін келер, Әр түрлі ырым етер.
Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер
Қазақтың халық тәрбиесінде ойын - өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын - жазушылардың
Разаққа Разаққа
Мына үйде отыр Разақ, Елдің жөнін айтар ма, Шақырып алып сұрасақ. Үлкен қожа ортан қол,
Батқан күн, атқан таңның жыры Батқан күн, атқан таңның жыры
Алтын күн батып барады, Күйдіріп көктің жиегін. Құралай көзді қарағым, Болдың ба иіріп жібегің?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×