ойын сауық отауы
Тырнақ алудың тәсілі мен күні
09.01.2020 2 786 0 Admin

Тырнақ алудың тәсілі мен күні

Бұл қызықты
Тырнақ алудың тәсілі мен күні
«Кім тырнақтарын жұма күні алып, қысқартса Алла Тағала оны келесі жұмаға дейін және үш күн артығымен бәлелерден қорғайды».
«Кім тырнақтарын жұма күні алса, сол күннің ұқсасына дейін (келесі жұмаға дейін) қорғанған болады».
Тағы бір хадис шәріпте былай делінген: «Кім кедейліктен, көз ауруынан, алапес ауруынан және жындылықтан аман болғысы келсе бейсенбі күні екінтіден кейін тырнақтарын алсын».
Хз. Имам Науауй былай дейді: «Тырнақ алуда мүстәхап болған аяқтардан бұрын қолдардың тырнағын алуға бастау. Тырнақ алынып жатқанда бірінші оң қолдың сұқ саусағынан бастайды. Сосын ортаңғы саусақ, сосын жүзік саусағы, одан кейін кішкентай саусақ, соңында басбармаққа барады. Сосын сол қолға өтеді. Ол кезде бірінші кішкентай саусақтан бастайды. Сосын жүзік саусағы және қалғандары (орта саусақ, сұқ саусақ, басбармақ) алынады. Сосын аяқтарға өтеді. Оң аяқтың кішкентай саусағынан бастайды. Сол аяқтың кішкентай саусағынан бітеді. Имам Ғазали «Ислам ілімдерін жаңғырту атты кітабында да осылай дейді.
«Буындарды жақсылап тазалау керек. Тырнақ буындары саусақтардың үстіңгі жағындағы бөлім. Кірдің ішіне жиналатын жері. Бұл жерлерде кір қалмасын деп тазалық әмір етілген. Өйткені, бұл буындарда кір қалса ғұсыл дәрет қабыл болмауы мүмкін. Бұл кірлер су арқылы терінің арасына өтеді. Қуртуби тәпсірінде де осылай делінген.
Мүжәһидтен жеткен хабарда былай делінген: Бір күні Жәбірәйілдің (а. с.) келуі баяулады. Пайғамбарымыз (с. а. с.) сұрады: «Сені маған келуден шегіндірген не нәрсе?» Жәбірәйіл (а. с.): «Мен сізге қалай келейін? Араларыңыздағы кейбірі тырнақтарын алмайды, мұрттарын қысқартпайды, саусақ буындарын жақсылап тазаламайды және тістерін мисуақтамайды» деді. Сосын мына аятты оқыды: «(Жәбірәйіл (а. с.) былай деді: Уа, Мұхаммед!) «Біз сенің Раббыңның әмірі болмаса түспейміз. Алдымыздағы және артымыздағы (барлық өткен және келешектегі нәрселер) және бұлардың арасындағылардың барлығы Оныкі. Раббың да (сені) ұмытқан емес». Исмайыл Хаққы Бурсеви, Рухул - Баян тәпсірі.

Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде қолды қалай жуған дұрыс? Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде
Коронавирус және басқа да инфекциялар қатерінің өсуі кезеңінде қолды қалай дұрыс жуу керектігін есте сақтау қажет. Бұл қарапайым рәсім бактериялар
2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады 2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады
Ораза 2019 жылы 6 мамыр, яғни дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға сәйкес келеді.
Мұсылмандық бойынша жыныстық қатынастың әдептері мен шарттары. Мұсылмандық бойынша жыныстық қатынастың әдептері
Дені сау, текті, рухты ұрпақ өсіру үшін де о баста ескеретін жайттар бар. Ол жыныстық қатынастың әдептері мен шарттары.
Бес саусақ Бес саусақ
Бес саусақ. Атам шақырып алды да, Отырғызды алдына. — Бес саусақтың атын біл, Тоқып алғын жадыңа! Бас бармағың — ата - анаң, Үлкеңдерден бата алған.
Мен сонда жылап қалғам Мен сонда жылап қалғам
Мен сонда жылап қалғам. Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман. Мұның бәрі неліктен? Білесің сен - өзіңді ұнатқаннан; сосын, сосын жүргеннен ұмыта
Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс кестесі бекітілді Қазақстанда жаңа оқу жылына арналған демалыс
Бұйрыққа сәйкес, орта білім беретін ұйымдарда оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×