ойын сауық отауы
Мен білмеймін, нe болады күні ертең
10.05.2016 3 011 0 Дауыл

Мен білмеймін, нe болады күні ертең

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Мен білмеймін, нe болады күні ертең.
He болса да, не болса да күнелтем!
Екеуміздің жүрегіміз білер тек,
Сырласайық, оңашаға жүр, еркем.
Қалай - қалай құбылады мына күн?!
Қалай - қалай құбылса да шыдадым.
Екеуміздің жүрегіміз үғады,
Сырласайық оңашада, шырағым
Мен несіне, сен несіне жыладың?!
Айтпай - ақ қой, айтпасаң да ұғамын.
Бәлен жерде құлағанда құланың,
Бәлен жерде ұмыт қалған тұмарың!..
Бәлен жерде...
He түседі дәлелден?
Бәрі де ұмыт, бәрі де жоқ,
Бәрі өлген...
Оны сен де таба алмайсың әлемнен,
Оны мен де таба алмаймын әлемнен...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайдасың көріктім, гөзелім Қайдасың көріктім, гөзелім
Қайдасың көріктім, гөзелім Сен - дағы ойлайсың сеземін. Жалғызбын білмеймін неліктен Болса да өз үйім, өз елім.
Хал сұрама, жыр сұра Хал сұрама, жыр сұра
Бас қатырып, несіне күн кешемін Бәрі өтеді... Ешкім де білмес емін. Бәрібір табиғатпен бірге есемін, Бәрібір табиғатпен тілдесемін, Несіне бас
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін, Бұрап қой босап қалған сымдарыңды. Қалай - қалай соғасың, қан - жүрегім?!
Күн ауысып барады Күн ауысып барады
Күн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. Күн шыққан жерден әркез түн келеді, Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Жолдастарға Жолдастарға
Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл, Бәрі аян: Еткен тірлік, сүрген өмір. Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған,
Болашақ дәрігерге Болашақ дәрігерге
Тоқта - тоқта, ей, жігіт, аялдағын. Қане, қалай жағдайың, баяндағын. ... Тәжірибе мектебін өтіп жүрсең, Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×