ойын сауық отауы
Болашақ дәрігерге
07.05.2016 3 465 0 Дауыл

Болашақ дәрігерге

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Тоқта - тоқта, ей, жігіт, аялдағын.
Қане, қалай жағдайың, баяндағын.
... Тәжірибе мектебін өтіп жүрсең,
Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.
Таянғаның, қарағым, таянғаның,
Адам үшін барыңды аянбағын.
Адам тұрар алдыңда, ұмыт болар,
Өліктер мен сойылған қояндарың.
Енді алдыңда тұрады тірі жандар,
Бірі сүйіп, кім білсін, бірі қарғар...
Қимылдамай кірпігі жатса - дағы,
Байқағайсың, шықпаған тірі жан бар!
Кәсібіңнен кетпегей жеріп мүлде,
(Ақыл айтып кеттім - ау желіктім бе?)
Өлгендерді тірілтем деп ойлаған,
Денесінен жан ізде өліктің де.
Жолың болсын, бара ғой, айналайын,
Айналайын, қорғаушым, қарғадайым!
Кәсібіңе мен сенің басымды ием,
Басымды ием, несіне арланайын...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Әйелдер - ай Әйелдер - ай
Әйелдер - ай! Әйелдер! Қандайсың?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың. Біреу жеріп тұрса - дағы қалмайсың, Біреу сүйіп тұрса - дағы бармайсың.
Тірі адамдар өлмесін Тірі адамдар өлмесін
Өлім, өлім, өлім деп, Неғыламыз күрсініп. Өлген адам көмілмек, Тірі адамға - тіршілік.
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Несіне өмір сүргенсің Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Еш нәрсенің керегі жоқ Еш нәрсенің керегі жоқ
Еш нәрсенің керегі жоқ! Керегі жоқ, шаршадым! Басымда ұйып тұрып алды әлемдегі бар сағым, Өніп - өскен топырағыма апарыңдар,
Елім, саған ғашықпын! Елім, саған ғашықпын!
Елім! Саған ғашықпын. Ғашықпын саған: Құмарымды қандырмап едім. Батыр болып, бақ қонып, асып тұрса адам, Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×