ойын сауық отауы
Хал сұрама, жыр сұра
13.05.2016 2 275 0 Дауыл

Хал сұрама, жыр сұра

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бас қатырып, несіне күн кешемін
Бәрі өтеді...
Ешкім де білмес емін.
Бәрібір табиғатпен бірге есемін,
Бәрібір табиғатпен тілдесемін,
Несіне бас қатырып, күн кешемін.
Сен менен хал сұрама, жырды сұра!
Ырзамын өміріме, тұрмысыма.
Жырды сұра!
Ілесіп кетем бір күн,
Қайтадан оралмайтын жыл құсына.
Айдын көлден ажырар сағатында,
Арман кетер аққудың қанатында.
Арман қалсын, алайда жыр қалмасын,
Жердің мына жетіқат қабатында.
Бас қатырып несіне күн кешемін,
Бәрі де өтер...
Ешкім де білмес емін
Күнім батпай, алдымен жырым батса,
Бір сағат та жер басып жүрмес едім.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Несіне ойланасың Несіне ойланасың
Несіне ойланасың, Несіне қиналасың, Қайтесің, Бір жылы сөз қимағасын? Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан, Ешкімде сыйламайды сыйламасаң!
Өмірімді несіне жек көремін Өмірімді несіне жек көремін
Өмірімді несіне жек көремін, Ауыр - жеңіл болса да өткеремін. Өмір қашып барады құсқа мініп, Мен артынан жетем бе деп келемін.
Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Несіне өмір сүргенсің Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Көшеде Көшеде
Мен жолымды берейін, өт қарағым, Несін күттің, несіне көп қарадың? Анасының бергенін саған берген, Аруағынан айналдым текті Ананың!
Интервью Интервью
(Шет елдік әріптеске) Біз мына қоғамменен бірге өсеміз. Тілдесеміз, үнімен үндесеміз. Ақиқатты айтуды бізден сұра, Ақиқатты айтуды білмесеңіз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×