Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл табыса білейік

06 маусым 2014, Жұма
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: «Тіл табыса білейік»
Мақсаты: «Өзара түсіністік ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
• Өзара түсіністік, өзара сыйластық, тіл табысу туралы түсінік беру;
• Балалардың өзін және басқа адамдардың түсіне білу қабілеттерін дамыту;
• Балаларды өзара жағымды қарым - қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: суреттер, дәптер.

Шаттық шеңбері.
Балалар шеңбер құрып тұрады да, бір - бірімен кезектесіп амандасады.
• Сәлеметсің бе, Анель!
• Қайырлы күн, Даниял!
• Сәлеметсіз бе, Айгүл Қарабайқызы!
• Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
(Осылайша бір - бірімен сәлемдесу аяқталған соң мына сөздерді айтады)
• Армысыз, сұлу күн! (Күнге қарап бас иеді)
• Армысың, ашық аспан! (Аспанға қарап бас иеді)
• Қайырлы күн, баршаға! (Құшақтарын жаяды)

Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларға Алпамыс пен Махамбет жайында өсиет әңгіме айтып береді.
Балалардың өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін сұрақ қойылады.
- Сендер қандай жағдайда кіммен татуластыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады.
Мәтінмен жұмыс. Ж. Мыңтұрғановтың «Әтеш, лақ және күшік» әңгімесі айтылады.

Тыныштық сәті.
– Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Жағдаяттарды талдау. Оқушылар суреттерге қарап жағдаяттарды шешімін тауып, шешімдерін класс алдында айтады.

1 - жағдаят. Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалыпты.
Тапсырма: Сен не істер едің?

2 - жағдаят: Айдос пен Марат партада қатар отырады. Мараттың кітабы үйде қалап қояды. Ал Айдостың алдында 2 кітап тұр. Марат рұқсатсыз алып оқи бастайды. Мұны байқаған Айдос ренжіп қалады.
Тапсырма: Сен не істер едің?

3 - жағдаят: Үш дос қыз бірге ойнап жүреді. Кенет олар ойынның шартына келісе алмай өзара дауласады. Қыздардың біреуі ренжіп қалады.
Тапсырма: Сен қыздарды қалай татуластырар едің?
Дәптермен жұмыс. оқушылар сурет бойынша сөйлем құрап жазады.
Жүректен жүрекке.
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. Бәрі қосылып ән айтады.
Ән «Біз бақытты балдырғандар».
Сабақ аяқталды
9 480
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Ойнай білу де - өнер
Ойнай білу де - өнер
Сабақтың тақырыбы: Ойнай білу де-өнер
Құдіретті Жер - Ана
Құдіретті Жер - Ана
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Достық қымбат өмірде
Достық қымбат өмірде
Избасарова Раушан Тлегенқызы Солтүстік Қазақстан облысы, М Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×