Білімділер поралы

Ар - ұждан – адамдық өлшемі

«Өзін - өзі тану» пәні сабақ жоспары 8 сынып
Тақырып: «Ар - ұждан – адамдық өлшемі»
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттер: әділеттілік, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу жақсы азамат болу.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ар - ұждан, ұят, абырой туралы дұрыс, жағымды көзқарас қалыптастыру арқылы, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеті:
 Адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами әділеттілік қасиеттердің өлшемі екенін таныту.
 Оқушыларды оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу үшін, өмірлік әрекетіне, өз мінез-құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.
 Ар тазалығына жету үшін өз әрекетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы әділеттілікке, оймен, сөзбен не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеуге, жақсы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушылармен амандасу.)
Тыныштық сәті. (Баяу әуенмен айтылады. )

Орманға ойша серуен
Арқаңызды тік ұстап, отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезіңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.

Талдау.
1) Тыныштық сәтті кезінде қандай көңіл - күйде болдыңыз?
2) Қандай сезім пайда болды?
3) Нені елестете алдыңыз?

Үй тапсырмасын тексеру:
Құрастырған «Ар - ожданды» бейнелейтін бейнебаяндар жинағын тексеру

2. Дәйексөз
• Ар - ождан алдындағы адалдық өз қадір - қасиетіңе, ізгі іс - әрекетіңе байланысты.
Әбу Нәсір әл - Фараби

(1мұғалім, ұлдар 1 рет, Қыздар 1 рет, ұлдар мен қыздар барлығы бірге қайталайды.)
3. Мұғалімнің сыйы

Бозорамал
П. Джон
Автобус аялдамасында ешкімді елеместен мұңға батып, жалғыз жігіт отыр. Жолаушылардың кейбірі оған көңіл аударып, қарап өтсе, енді біреулері қарамайды да. Жігіттің оларға мойын бұруға мұршасы да жоқ, терең ойға батқан.
Ол өткен өмірін қайта - қайта есіне алды. Жиырма жылдай бұрын ол келесі көшедегі қызыл кірпіш үйде дүниеге келіп, бақытты балалық шағын өткізіп еді. Бұл үй мүмкін орнында жоқ та шығар бірақ, қызыл - жасыл гүлдер орнында қалған болар. Ол үйінің маңындағы сол гүлдерді есінен бір сәт те шығара алмады. Үйдің жанында әкесі өз қолымен жасап берген әткеншек, өзі алғаш велосипед теуіп үйренген бақтағы жалғыз аяң жол бәрі - бәрі есінде. Ата - анасы осы велосипедті бірнеше ай бойы еңбек - ақыларын жинап алып беріп еді. Араға оншақты жыл салып, велосипедті мопедке ауыстырды.
Жасөспірім енді ата - анасына төбесін сирек көрсететін жағдайға жетті. Өзі ақша таба бастады, достары да көбейді, ол үшін ата - анасы өмірден артта қалғандай болып, олардан гөрі, достарымен сауық кештерде уақыт өткізу қызықтырақ көрінді.

№2 Қазанбасы орта мектебі
Мұғалім: Абузара Г. С.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 29
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 29
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика