Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қанағат, рақым ойлап қой!

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Мақсаты: адамгершілік қасиет тұрғысынан қанағат, рақым ұғымдарының мәнін шешу.
Міндеттері: Қанағат және қанағатсыздық ұғымдарын салыстыра отырып ұғындыру; Еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына, іс – әрекетіне сыни көзбен қарауын дамыту. Оқушылардың өз қанағат сезімдерін басқара алуға тәрбиелеу.

Абайдың өлеңі «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Абайдың 17 - ші қара сөзіне сахналық көрініс
(Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып таласып келіп, ғылымға жүгінеді - бұл көрініске 5 оқушы қатысады)

Құдайбердіұлының «Талап пен ақыл» өлеңі
Талап деген бір жүйрік тұлпар сынды,
Бабын таппай мінгенді қылар жынды.
Тауға ұра ма басыңды, тасқа ұра ма,
Ал енді оған кісі қайтіп мінді.
Талап шапса, ақылға мініп алып
Жақсы, жаман бәріне бірдей салып,
Анық ақыл адымын ашылмайды,
Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.
Талап деген ындынмен ентелемек,
Ойға алып қызыққанын қылсам демек.
Ол ісі орайлы ма, орайсыз ба,
Ойланып оны ақылға салса керек.
Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,
Тоны жүрек болады, мидан басы.
Орынсызға ұмтылтпай, тоқтатуға
Талаптың алты түрлі бар ноқтасы.
Ынсап, рахым, ар, ұят, сабыр, сақтық –
Талапқа алты түрлі ноқта тақтық..
Алтауының ішінде ынсап әділ,
Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық..
Ынсап деген аспайды, кем қалмайды,
Орнын таппай ол, сірә, қозғалмайды.
Рақым жақсы көреді аяғанды,
Адамға қаттылықты ойға алмайды.
Ар, демек – адамшылық намыс деген,
Арың кетпес жағыңа қарыс деген.
Теріс ұғып жүрмесін мұны біреу,
Сөз емес күншіл болып, алыс деген.
Намыс сол – өзің қорлан кемдігіңе,
Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе,
Алмай өз алдыңғының аяғынан,
Соқтықпай өзің ізден еңбегіне.
Ұят сол – аулақта ұял көргендей - ақ
Ұрлаған малың шығып бергендей - ақ,
Орынсызды істеуге өлгенше ұял,
«Ұят күшті өлімнен» - дегендей - ақ.
Сабыр деген – әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық..
Қолы жетпей талай жан ызданады,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
Сақтық деген – әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма, - ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Ойменен, талаппенен болды сегіз,
Айтылмай ойда қалды неменеміз.
Өзге жақсы мінездің бәрі - дағы
Шығады осылардан түгел деңіз.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.

Пікірлесу
Қанағат дегеніміз не?
Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?
Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?

Мәтінмен жұмыс
С. Ақатайдың әңгімесі ұсынылады.
Оқушыларға сұрақтар қою
Үш ананы бір ошақтың басына біріктірген қандай қасиет деп ойлайсыз?
Адамдар қандай жағдайда жайдары, жарқын өмір сүреді?

Жаңа ақпарат
Адамның барға риза болып, місе тұтуынан, нысаптан шықпай, нәпсіге ермеуінен қанағатшылдық қасиеті көрінеді. Бойына қанағатшыл қасиет дарыған адам өмірде кішіпейіл, қарапайым болады әрі қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етеді. Қанағатшылдық ашкөзділікке жол бермей, біреудің байлығына, дүниесіне сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан халық: «Адамды қанағат аздырмайды», - дейді.
Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін – өзі тежеп, құнығудан бас тарту.
Байлықтың бір көзі еңбек пен қанағат.
Мақал – мәтелдер
Адам болар баланың
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың
Кісіменен несі бар.
Тәні сұлу – сұлу емес,
Жаны сұлу – сұлу.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Ой ойласаң, кең ойла,
Алды – артыңды тең ойла.
Оқы да біл,
Ойна да күл.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.

Мәтінмен жұмыс
М. Құлкеновтың әңгімесін ұсыну

Оқушыларға сұрақтар қою
Алмастың шындығын айтуының себебі не деп ойлайсыңдар?
Алмастың әрекетін қалай бағалар едіңіз?
Әңгімеден қандай ой түйдіңіз?

Назар аударайық
Ізгілік пен рақымшылыққа, қанағатшылдыққа ұмтылу – барлық адамзатқа тән қасиет, бірақ ол қасиеттер адам бойында үнемі туа біткеннен бола бермейді. Ізгілікке, адамгершілікке, қанағатшылдыққа өз болмысын шектей алатын адамдар ғана қол жеткізеді. Өзін - өзі үнемі рухани жағынан жетілдіріп, әлеуетін көтеріп отыратын адам рухы биік адам деңгейіне жетеді.
Иманнан бастау алатын мейірім, рақым, қанағатшылдық, ізгілік, сабырлық, төзім, кешірім, зиялылық, т. б. адамгершілік қасиеттердің тоғысатын жері ол – парасаттылық. Адамды басқаға танытатын да, өзгемен табыстыратын да осы – парасаты.

Үйге тапсырма
«Ынсап сайын береке» деген тақырыбына эссе.(жазып келу)
Жүректен жүрекке
Қ. Мырза Әли
Балам, озық өрен бол,
Қыз көзіндей терең бол.
Мінеді ме? Құлақ сал.
Мақтады ма? Керең бол!
Әділдікке жуық бол,
Әлжуаздау туыпты ол.
Күншуақтай жылы бол,
Көк сүңгідей суық бол!
Қаптап тұрса тыста қол,
Басқаруға ұста бол.
Кенен ойға ұзын бол,
Қиярыңды қиып бол,
Тыярыңды тыйып бол.
Өз ұлыңнан төмен бол,
Өз әкеңнен төмен бол!
Қаралы елдің таңы бол,
Жаралы елдің жаны бол,
Сөніп өлме, өлсең де
Өз отыңа жанып өл!
50 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша өткенді қайталау
Оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемдер бойынша алған білімдерін бекіту. Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Адам болу — арманым
Адам болу — арманым
Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту. - Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар - ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Бауман ауылы. Өзін-өзі тану және ағылшын тілі пәні мұғалімі Карабаева Назгул Есимовна
Қанағат, рақым ойлап қой!
Қанағат, рақым ойлап қой!
Қызылорда қаласы, № 187 М. Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Сейдахметова Сәуле
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба
Жанабаева Динара Қабланқызы М. Ломоносов атындағы орта мектеп КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×