Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауа ылғалдылығы. Ылғалдылықтың маңызы

23 мам 2014, Жұма
Категориясы: Физика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ауа ылғалдылығы және оның пайда болу себептерін түсіндіру, ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдармен таныстыру. Оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп,
шығармашылыққа баулу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін дамыту, олардың танымдық белсенділіктерін қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшыл болуға, ынтымақтастыққа, өзін - өзі басқаруға баулу. Эстетикалық, экологиялық және кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі. Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, ойындар өткізу
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, психрометр. ұлттық ойын
суреттері салынған карточкалар.

Сабақтың барысы
Құрметті оқушылар, біз бүгін «Ауа ылғалдылығы. Ылғалдылықтың маңызы» деген атпен саяхат сабағын өткіземіз. Саяхатты мынадай 3 елге жасаймыз
1. «Зеректілер» еліне
2. «Білімділер» еліне
3. «Ойшылдар»еліне
4. «Алғырлар» еліне
Саяхат кезінде біз ауа ылғалдылығы және оның пайда болу себептерін түсіндіріп, ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдармен таныстырамыз.
Саяхатқа шығу үшін оқушылар көлікті өздері таңдайды.
1. Зеректілер елі
Саяхатқа шығу үшін оқушылар кассадан билет алулары керек. Ол үшін өтілген тақырыптар бойынша мынадай сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар тізімі: а) Қаныққан бу дегеніміз не?
б) Қаныққан бу қысымы неге тәуелді?
в) Кризистік температура дегеніміз не?
г) Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігін
қалай білеміз?
Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға карточкалар таратылып отырады.

2. Білімділер елі
Біз саяхат сызбасы бойынша Білімділер еліне саяхатқа шығамыз. Бұл ел жаңалықтарға толы. Жаңа сабақты түсіндіу барысында біз мынадай мағлұматтар аламыз
1. Ауа ылғалдылығы дегеніміз не?
2. Атмосферадағы су буы
3. Ауа ылғалдылығының пайда болу себептері
4. Ылғалдылықты сипаттайтын шамалар
5. Ылғалдылықты өлшейтін құралдар

Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауа ылғалдылығы дегеніміз – ауадағы су буының мөлшері. Су жер шары бетінің 70, 8% алып жатыр. Тірі организмдер құрамында 50 - 99, 7% су бар.
Атмосфералық су буы ауа райы мен Жер климатына әсерін тигізеді.
Ауа ылғалдылығын тудырушы факторлар: қар, бұршақ, жаңбыр, қырау т. б
(Ылғалдылықты тудырушы факторларды бейнелеген видеофильмдер көрсетіледі)
Ылғалдылықты сипаттайтын шамаларға мыналар жатады.
1. Су буының парциал қысымы.
2. Салыстырмалы ылғалдылық
3. Абсолют ылғалдылық
3. Ойшылдар елі
«Ана тілің - арың бұл»
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте,- деп Қ. Мырзалиев ағамыз айтқандай, оқушылардың
өз ойларын тиянақты, ұшқыр жеткізе алуын ескере отырып, ылғалдылықтың маңызы туралы дайындап келген пікірлерін тыңдаймыз.
1. Метрологияда
2. Тоқыма, кондитер т. б өндірістерінде
3. Адам ағзасы үшін
4. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде ылғалдылықтың маңызы зор.

4. Алғырлар елі
Ылғалдылықты өлшейтін құралдардың құрылысы туралы оқушылар өздері дайындап келген тапсырмаларын түсіндіреді.
1. Психрометрлер. Психрометр неден тұрады? Егер сендерге бірнеше психрометр берілсе, сен оны қандай мекемелерге орналастырып қояр едің? ( слайдтар)
2. Гигрометрлер (слайдтар)
3. Шаш гигрометрі (суреттері)

Сабақты бекіту
1. Ауа ылғалдылығы дегеніміз не?
2. Ылғалдылықты қандай шамалармен сипаттаймыз?
3. Ылғалдылықтың қандай маңызы бар?
4. Ылғалдылық мөлшері жоғары болатын Қазақстанның аймақтарын ата
5. Ауа ылғалдылығын өлшейтін құралдарды қайда пайдалануға болады?
Оқушылардың жауаптарын толықтыра отырып, оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру.
1. Б. а. Кронгарт - Физика оқулығы 10 сынып. Оқып, түсінік айту.
2. Ғаламтордан қосымша мәліметтер іздеу
15 031
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Алкандар. Алкандардың құрылысы, алкандардың табиғатта кездесуі мен алынуы және қасиеттері.
Метан қатары көмірсутектерінің жалпы формуласы, анықтамасы, гомологтық қатары, гомологтық айырымы, радикалдар, түрлері, изомерлердің формуласын құрастыру ережесімен танысады және көмірсутектердің халықаралық атауларына сәйкес формула құруды үйрету.
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы
Ауаның ылғалдылығы ұғымын енгізе отырып, күнделікті өмірде және адам өміріндегі ылғалдылықтың маңызын көрсету, ауаның ылғалдылығын өлшеу құралдарымен және олардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ауаның ылғалдылығын анықтау
Ақтөбе қаласы, Благодар орта мектебінің Физика пәні мұғалім Қоянбаева Асылгүл Жайылханқызы
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің физика пәні оқытушысы Күздеубаева Перизат Сайфуллақызы
Сұйықтар мен газдардың қасиеттері. Ауаның ылғалдылығы.
Сұйықтар мен газдардың қасиеттері. Ауаның ылғалдылығы.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы №23 ЖОББМ, физика және информатика пәні мұғалімі Малгеждарова Жазира Сакеновна
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкер - шілікке, өз бетінше білім алуға баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×