Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт

07 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Физика
Ашық сабақ (7сынып)
Тақырыбы: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі. Инерция. Кеңістік және уақыт
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, инерция, кеңістік және уақыт туралы түсінік беру
2. Тәрбиелік: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, инерция, кеңістік және уақыт туралы түсінік бере отырып, оқушыларды бірін-бірі тыңдауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі, инерция, кеңістік және уақыт туралы түсінік беру барысында, оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, тест
Пән аралық байланыс: математика, тарих, сызу

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
- Балалар, қазір қандай мезгіл?
- Күз.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір күз мезгілі. Табиғатта көз жүгіртсек қандай өзгерістерді байқаймыз?
-....
- ия, балалар, талдан жапырақтар сарғайып түсіп жатыр. Қазір онда біз түскен жапырақтарды жинау барысында «Жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
1-жапырақ: Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Формуласын жаз.
2-жапырақ: Егер жол мен жылдамдық белгілі болса, қозғалыс уақытын қалай табуға болады?
3-жапырақ: Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейді?
4-жапырақ: Дененің жылдамдығы өзінің сан мәнінен басқа тағы немен сипатталады? Жылдамдық қандай жағдайда оң, ал қандай жағдайда теріс мәнге ие болады?
5-жапырақ: Егер жолаушы 5 км жолды 2сағатта жүріп өтсе, жолаушының жылдамдығы қандай болғанын тап.
6-жапырақ: км/сағ-пен берілген жылдамдықты м/с-пен қалай өрнектейді?
7-жапырақ: Орташа жылдамдық деп нені түсінеміз? Орташа жылдамдықты қалай есептеп табуға болады?
8-жапырақ: Дене қозғалысының белгілі бір уақыт аралығындағы орын ауыстыруын қалай есептеп шығаруға болады?

ІІІ. Жаңа түсінік беру:
Көрнекілік үшін қозғалысты график көмегімен сипаттауға болады.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалысты график түрінде бейнелеу тәсілін қарастырайық. Бастапқы t0=0 болған мезетте дененің координатасы x0, ал кез келген t уақыт мезетіндегі координатасы х болсын. Сонда орын ауыстыру l =х-x0 болады. Ал бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру l=v*t екені белгілі. Мұнда, ы жылдамдық тұрақты шама болғандықтан, бірқалыпты қозғалатын дененің орын ауыстыруы қозғалыс уақыта тура пропорционал. Осы екі өрнекті салыстыра отырып, былай жазуға болады: х-x0=v*t. Өрнектегі x0-ді теңдіктің оң жағына шығарып, былай өрнектей аламыз:

Бұл өрнек бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы деп аталады. Осы заңды қолдана отырып, дененің кез-келген уақыт мезетіндегі координатасын табуға болады.
Айталық, дене бірқалыпты қозғала отырып, әрбір секунд сайын 3 м аралықты жүріп өтсін. Уақыт қозғалыс басталған мезеттен есептеледі. Бұл жағдай үшін дене координатасының уақытқа тәуелділігі төмендегідей кесте түрінде беріледі:
t, c 0 1 2 3 4 5
х, м 0 3 6 9 12 15

Күнделікті тәжірибеден біз қандай да жылдамдық алған дене біраз уақытқа дейін қозғалысын сақтайтынын білеміз. Мысалы, Жерде жатқан допты аяқпен тепкеннен кейін ғана ол қозғала бастайды, әткеншек қолмен итергенде ғана қозғалады, т. б. Осы мысалдардың өзі – ақ кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғанда тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды деген болжам айтуға мүмкіндік береді. Мұның дұрыстығына ғалымдар әр түрлі тәжірибелер жасай отырып көз жеткізген.
Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция – қозғалыссыздық, әрекетсіздік).
ІV. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру:

- қозғалыс заңының өрнегі

Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады. (латынша инерция – қозғалыссыздық, әрекетсіздік).

V. Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары: «Қыстың қамын жаз ойла» деген қазақта мақал бар. Яғни алдымыз қыс болғандықтан, қыстық азық-түлігімізді жинап алу үшін қырманға барамыз, яғни «Қырман» ойынын ойнаймыз.
- Қозғалыс заңының формуласын жаз.
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі қандай болады?
Дененің қозғалыс жылдамдығы оған тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретінін көрсететін мысалдар келтіріңдер.
Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?
Инерция деп нені айтады?
Кеңістік және оның негізгі қасиеттері, өлшемі туралы не білесің?
Уақыт және оның негізгі қасиеттері, өлшемі туралы не білесің?
Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергілер жойылған жағдайда, ол қалай қозғалар еді? – деген сұраққа мұқият зерттеулерінің барысында жауап берген кім болды?
VІ. Жаңа түсінікті тексеру: Дидактикалық тапсырмалар

VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, тесттік бақылаулар):
9-жаттығу: а), ә), б)
VIIІ. Жаңа сабақты қорытындылау:
Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалы, көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда артқа қарай шалқая түседі. Міне, бұл мысалдардың бәрінде де дене өзінің инерциясы бойынша қозғалыс жылдамдығының бағытын сақтауға тырысады.
IХ. Оқушылар еңбегін бағалау:
Х. Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма):
1. §27. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс жылдамдығы
§28. Инерция
§29. Кеңістік және уақыт
2. 9 жаттығу (2), (3)
3. Өздеріңді қоршаған ортадағы, микроәлемдегі, ғарыштағы инерция бойынша қозғалатын денелерге мысалдар келтіріңдер.
4. а) Галилео Галилей өмірбаянына реферат жазу.
ә) Галилео Галилей еңбектері жайлы мағлұмат жинау
б) Өтілген тақырыпқа байланысты сурет салу және сөзжұмбақ, ребус
құрастыру.
29 021
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар
Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың негізгі мағынасын біледі. Бірқалыпты бірқалыпсыз қозғалыстарды саралап ажыратады және есептер шығаруда қолданады Өмірдегі қозғалыстарға өздігінше мысалдар келтіре алады.
Кинематика негіздері. Тест
Кинематика негіздері. Тест
Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Инерция. Кеңістік пен уақыт
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ негізгі мектебі Математика мен физика пән мұғалімі Идрисова Дана Темирбаевна
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×