Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану

09 мам 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Физика
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.

1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.
5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн.
6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда әсіресе оқушылардың білімдерін тексеруде мына төмендегідей әдістерді қолданған тиімді:
• Тестік жүйе бойынша
• өзін-өзі тексеру
• көршісін тексеру және т.б
7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін:
• Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге;
• Халықтың ұлттық ойындарымен түсіндіруге;
• Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.
8. Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы қолданған орынды.
9. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.
Әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, ойлау қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет.Мысалы, 10-шы сыныпта «Электростатика» тарауы бойынша «Электр заряды». «Электрлену тақырыбын өткенде, зарядтың өзара әсерлесуін мынадай тірек белгісімен беруге болады:

Мысалы, 10-шы сыныпта «Сұйықтар мен газдардың қасиеттері» тарауы бойынша «Булану және конденсация» тақырыбын өткенде сұйық пен газдың өту процестерін тірек сызбамен беруге болады.
Сұйық Газ
Булану
Сұйық Газ
Конденсация
Келесі мысал: «Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбын өткенде өткізгіштерді тізбектей жалғау түріне мынадай тірек сызбамен беруге болады.

Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Сабақты меңгертуде көбінесе сандық және сапалық есептер шығару, әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустар көрсету оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың шығармашылығын арттыруға бағыт беру мақсат етіледі. Сапалық есептер шығарғанда халық даналығының, нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін және ұлттық ойындарды физика тұрғысынан түсіндіруге, пайдалануға болады.
Мысалы:
1. «Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шәйі қайнамайды» мақал арқылы мынадай сұрақ қоюға болады:
• арбаның дөңгелегі неге майланады, майламаса не болар еді?
• Бұл жерде арбакеш үйкелістің қандай түрімен жұмыс жасап тұр?

2. «Толқын ұрар жағаны,
Маған бөгет қылма деп,
Жаға кейін қағады,
Әуре болып тұрма деп». – бұл өлең арқылы толқын қалай пайда болады және толқынның жағаға ұрылып кейін қайтуын қандай заңмен түсіндіруге болады?

3. Мылтықтан оқтың атылуы қандай физикалық құбылысқа мысал болады және бұл жерде қандай физикалық заң ескеріледі?
4. Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды?

5. Алтыбақан және көкпар ойындары арқылы қандай физикалық процестерді кездестіре аламыз?- деген сияқты қызықты сұрақтар мен ойындарды пайдалануға болады.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.
6 427
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
Диалог арқылы оқытудың маңызы, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдері
- диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру, олардың білім деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; - диалогтік оқыту тәсілдерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт - бағдар беру.
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Инновациялық технологиялар
Инновациялық технологиялар
Өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар мамандар қажет десек, осы жолда орта кәсіптік білім беру – мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыты болып табылады.
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Физиканы оқытуда инновациялық технологияның озық әдістерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалану
Шымкент қаласы, №103 жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекбосынова Бахыт Нурмахановна
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолданудың тиімділігі
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы М. Мәметова атындағы орта мектеп мұғалімі Дауленбекова Назира
Сабақ сапасын арттырудағы ізденістерім
Сабақ сапасын арттырудағы ізденістерім
БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ОЖББМ Химия пәнінің мұғалімі Даулетова Әлия Қапиетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×