Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарасымды қарым - қатынас

29 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Психология
Сабақтың тақырыбы: Жарасымды қарым - қатынас
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі «үлкен» мен «кіші» сыйласымды қатынасымды ұлттық құндылық ретінде таныту.
Сабақтың міндеттері:
- «үлкен» мен «кіші», «ел ағасы», деген сөздердің мәнін ашу;
- «үлкен» мен «кіші» арасындағы сыйласымды қатынасымның мәнін ұғындыру;
- өзінен үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, инабатты болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: дәйексөз, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:
Оқушылар шеңберге жиналып, Сөзі О. Әубәкіровтікі
Әні Ә. Бейсеуовтікі
«Ағаларым» өлеңін айтады.
Құшағы оттай ыстық Сахарадай,
Көңілім алып ұшқан шағаладай,
Алдымнан көкем ай деп шыға тұғын,
Сендерді сағындым ғой ағаларым.
Қайырмасы:
Қажымас қара нарым,
Кең байтақ даналарым.
Күнім деп еркелетер
Аман бол ағаларым.
Аңқылдақ айналайын ағаларым,
Сағынсам іздеп барар паналарым.
Ініңе ізіңдегі қарап жүр деп,
Қалдырған өздеріңді
Қалдырған өздеріңді бабаларым.
Қайырмасы:
Өзіңе сыйынамын қандай жақсы,
Сөзіңе сүйсінемін балдай тәтті.
Ерлердің ағасы бар – жағасы бар!
Алдыңда ағаң болған
Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!
Менің ойға түйгенім:

Үй тапсырмасын сұрау.
Жалынды жастық шақ туралы дәйексөздерді кім біледі?
Жалынды жастық шақ дегенді қалай түсінесіз?
Жастық шақтың маңызы неде?
Жалынды жастық шақ тақырыбында жүректен жүрекке ұялаған әні
қандай?

Жауабы:
Жастықтың оты жалындап,
Жас жүректе жанған шақ,
Талаптың оты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Абай
Зердесінде бары болса жігіттің
Қалмас жатып, сыртқа шығар ол екпін.
Мақтымқұлы
Жас мұраты, білім, тәлім - талабым...
Өнер, оқу - жастықтың қару – жарағы.
І. Жансүгіров
Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт.
Ж. Руссо
Жастық шағың – жарқын жаздың бейнесі,
Құтты жаздың ала алсаң, жоқ бермесі.
С. Мұқанов
Жалынды жастық шақ – адам өмірінің білім, тәрбие алатын, қызмет етіп, отбасын құратын ең маңызды кезеңі.
Жаз мезгілін тиімді пайдалану керек.
Жастық шақ жаз болса, одан кейін біздерді «Шақырады көктем», көктемде құлпыру үшін жарқын жаздың қадірін білу керек.
«Шақырады көктем» әнін шырқайық.

Жаңа сабақ:
Тақырыбы: Жарасымды қарым - қатынас.
Ойланайық, пікірлесейік:
Оқулықтағы сұрақтар арқылы жалпы адамдар арасындағы: отбасы, туыстар, достар арасындағы қарым - қатынас туралы өткендерін еске түсіреді.
Жарасымды қарым - қатынас дегенді қалай түсінесіз?
Кез келген адаммен қарым - қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек?
Ол қасиеттер бойыңызда бар ма? – деген сұрақтар төңірегінде пікірлерін жеткізеді.
«Оқып үйренейік» айдарымен берілген С. Б. Дорженовтің ізімен жазылған мәтінмен өз бетінше танысу.

1 - тапсырма
Мәтінмен танысу арқылы оқушылар жастықтың мәңгілік тұрмайтынын, қарттықтың ертең әрқайсысының басына келетінін ұғынады.
Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?
«Ақсақал», «Ел ағасы» деп кімдерді атаған? - деген сұрақтарға жауап болатындай 2 топ осы мәтінді сурет арқылы бейнелеп қорғаймыз.
«Ақсақал» деген қазақ халқына тән ұғым. Оның қария деген ұғымнан гөрі мағынасының тереңдігін «ақсақал» отбасында ата, не үлкен ғана емес, ол әулеттің, рудың, елдің амандығын, бірлігін тілейтін, елдің қамы үшін жүретін парасатты, үлкен жүректі адамдарды айтады.

Жаңа ақпарат.
«Қазақтың ұлттық дәстүрінде кіші адам үлкен адамды сыйлауға міндетті. Үлкен адам алдында әдеп сақтау, ибалық көрсету, үлкенді сыйлау, қайырымды – рақымды болу, кіші адамға сай мінез – құлық көрсету жас адамның адамгершілік қасиеттерінің көрінісі.
Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік әдептілікті, ізеттілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалайды» деген жаңа ақпаратпен танысу барысында үлкендерді сыйлаудың ұлттық дәстүр қағидасы екенін түсінеді.

Назар аударайық:
Қазақ баласы амандықтан, соң бейтаныс адамның жасын сұрайды. Ол этикет – халық этикасының ең абзал бөлігі. Сұхбаттас адам өзінен үлкен болып шықса, ерте бастан інілік ізгілігімді білдірейін, үлкеннің жолын кес-кескестемейін деген ниет сездіру. Ал үлкен болып шықса, ағалық кәденің орны бөлек. Ағасын отырғызып қойып інісі сөйлегеннен безу кенжелеп туғандардың тілін жаттықтыру үшін шығарылған жаңылтпаш емес, көргенсіздікке тосқауыл болатын әдептіліктің жанашыры.
С. Ақатай
Сахналау:
«Үлкендер» мен «кішілер» тобына бөлініп, олардың көзқарасы тұрғысынан аға буын мен жастардың арасында келіспеушілік тудыратын жағдайларды ойнап көрсету. Келіспеушілік пен келіссөзді көрініс ретінде әдіс – тәсілдерін ұсыну.

2 - тапсырма
Төмендегі өнер туындыларына назар аударыңыздар.
1. О. Таңсықбаев. Қонаққа.
2. В. Г. Игнашев. Әңгіме.
3. Отбасы өнегесі.
4. Білгім келеді.
Дәйексөз:
А. Линкольн «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе оның басқа адамдармен қарым – қатынасы» деген дәйексөзді талдау.
Дәптермен жұмыс:
3 -тапсырма
Қазақ халқының дәстүріндегі үлкенді құрметтеу әдебіне байланысты қағидаларды жалғастырыңыз:
- үлкендер алдында адуындап кіріп, асқақтап сөйлеме;
- сырттан жасы үлкен адам кірген кезде орныңнан тұрып сәлем
бер:
- үлкен адамды қолтығынан демеп отырғыз;
- үлкеннің алдынан кесіп өтпе;
- үлкеннің тілін ал;
- үлкенге құрмет көрсет.
4 - тапсырма
Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сыйласымды қарым – қатынас жасауға негіз болатын адам мінезінің сипаттарын бір бөлек, кедергі келтіретін сипаттарды бір бөлек етіп жазыңыз.
От тигендей лап ете қалу, жұмсақ, икемге көнгіш, келісімпаз, бір сөзге бола шарт етіп тұтану, бәріне бас шұлғи беру, қызыл кеңірдек болып таласу, сәл нәрсеге бола ренжу, тау қозғалса да қозғалмайтын сабырлы, өзін жоғары ұстау, менмен, кішіпейіл, мақтаншақ, сыпайы, ұшып қонба жеңілтек, байсалды.

● Сыйласымды қарым - қатынас
Жұмсақ
Икемге көнгіш
Келісімпаз
Бәріне бас шұлғи беру
Тау қозғалса да қозғалмайтын
Сабырлы
Кішіпейіл
Сыпайы
Байсалды

● Кедергі келтіретін сипаттар
От дегенде лап ете қалу
Бір сөзге бола шарт етіп тұтану
Қызыл кеңірдек болып таласу
Сәл нәрсеге бола ренжу
Өзін жоғары ұстау
Менмен
Мақтаншақ
Ұшып - қонба жеңілтек

Жүректен жүрекке
Бөлтірік шешен
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле,
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.
Оқушылар бір - біріне, қонақтарға жылы сөз, тілек жазады.

Үйге тапсырма: Жарасымды қарым - қатынас тақырыбы.
Қорытынды
12 758
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу арқылы жарасымды қарым - қатынас туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Үлкен - кіші ұғымы
Үлкен - кіші ұғымы
Үлкен – кіші суреттерді көрсету, түстерін ажырату. (жасыл, қара)
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
«Құрылыс техникалық колледжі» МКҚК Өзін – өзі тану пәні оқытушысы Жангабулова Несибелди Кайдаровна
Жарасымды қарым - қатынас
Жарасымды қарым - қатынас
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі педагог - психолог Мирзаканова Жанар Авабакриевна
Қарым - қатынас мәдениеті
Қарым - қатынас мәдениеті
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Қ. Күржіманұлы атындағы орта мектептің педагог - психологы, өзін - өзі тану пәні мұғалімі Аймукенова Гүлзира Шалқарбайқызы
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Атырау облысы Исатай ауданы, Жанбай селосы Х.Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Инкабаева Аян Тобаниязқызы
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Гульмира Узденова
Гульмира Узденова Қонақтар 25 қаңтар 2016 13:54
0
Керемет! Сізге шығармашылық табыс тілеймін!!!
×