Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлкен - кіші ұғымы

24 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Сенсорика
Тақырыбы: Үлкен - кіші ұғымы
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларға пішіндері ұқсас (дөңгелектер: үлкен, кіші), түсі бойынша (жасыл, қара) біріңғай заттарды топтастыруға үйрету.
Білімділігі: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, мнемокесте арқылы тақпақты айтқызу, Воскобовичтың технологиясы (тізбектеу әдісі) дидактикалық ойындар
Көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреті, үлкен, кіші дөңгелек пішіндер.

мотив қозғаушы
Шаттық шеңбері
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз.

Ізденуші ұйымдастырушы
Мнемокесте арқылы тақпақ жаттау
«Аққала»
Сурет бойынша әңгіме:« Қыс қызығы»
«Үлкен – кіші» суреттерді көрсету, түстерін ажырату. (жасыл, қара)
Балаларды «үлкен – кіші» дөңгелектерді танып, түстерін ажыратады.
Дидактикалық ойын: «Түстерді ажырат»
Шарты: Екі себетке үлкен - кіші дөңгелектер дің түстерін ажыратып себеттерге салу.
Сергіту сәті
Соз оң қолыңды оң жаққа,
Соз сол қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Шеңбер жасап тұрғандай.
Дидактикалық ойын: «Дөңгелектерді тізбекте»
Шарты: Үлкен дөңгелектен бастап, кіші дөңгелекке дейін тізбектеу.
Тәрбиеші: Айгул Кошкинбаева
Үлкен - кіші ұғымы жүктеу
7 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерекше саяхат
Ерекше саяхат
Балалардың үлкен және кіші ұғымдары туралы білімдерін кеңейту. Заттарды көлеміне қарай бөліп, топтастыруға дағдыландыру.
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Тостаған
Тостаған
Балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету, олардың пішінін, көлемін ажырата алуға дағдыландыру. Сөздік жұмыс: Тостаған. Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауаптар, ғажайып сәт, дидактикалық ойын, слайд.
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Тілеуниязова Жарқынай
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×