Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

22 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Сценарий
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бердешова Гүлсім Орынбасарқызы

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: сайыс сағаты.
Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы.
2. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
3. Ауызша есептер бөлімі
4. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға
1 «А» сыныбы -«Тапқырлар» тобы
1 «Ә» сыныбы -«Білімділер» тобы
Қонысбай Нұрдаулет
Темірхан Марта
1 «Б» сыныбы -«Зеректер» тобы
Ырза Диана
Жұбай Адина
1 « В» сыныбы -«Алғырлар» тобы
Шалқаржанова Нұдана
Айдарбеков Ербатыр
оқушыларын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Қатысушылардың таныстыруы, аттарын қорғайды.
2. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).
3. Ауызша есептер бөлімі. Тақтада 6 сұрақ берілген. Әр оқушы бір сұрақтан таңдайды. Уақыт беріледі.
1. Анаң саған базардан 5 алма әкеп берді. Сол алманы сен сіңліңе 3 - еуін бердің. Қолыңда неше алма қалды?
2. Ағаш басына 7 торғай қонды. Кейін олардың 5 - еуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
3. Концертте 3 қыз, 3 ұл би биледі. Барлығы неше бала биледі.
4. Гүлде 8 ара қонып тұр. Оның 4 - еуі ұшып кетті. Неше ара қалды?
5. Бір үйде 6 бала. Оның 3 - еуі қыз. Сонда нешеуі ер бала?
6. Мұғалім саған барлығы 7 дәптер берді. Оның 3 - еуін жолдасыңа беруін өтінді. Қолыңда неше дәптер қалды?
4. Тапқырлық сайысы.«Айырмашылықты тап» ойыны
Тақтада берілген суреттердің айырмашылығын тез тапқан оқушыға ұпай беріледі.
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады)
Әділқазының шешімі бойынша
І орын - 1 «Б» сыныбы -«Зеректер» тобы
ІІ орын - 1 «В»сыныбы -«Алғырлар» тобы
ІІІ орын - 1 «А»сыныбы -«Тапқырлар»тобы және 1«Ә»сыныбы -«Білімділер» тобы марапатталды.
4 852
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Тек ғана математика
Тек ғана математика
Қарағанды қаласы Математика - информатика мұғалімі Кулшархан Темиреева
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.