Білімділер поралы

Қима және оларды орындау

Сызу 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қималар
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нәрсенің қималарын орындап, сызбаға орналастыруға үйрету, өз беттерімен ізденіп жұмыс жасауға дағдыландыру, өздерінше ой қорыта білуге, таным мүмкіндігін анықтап, сауатты, сызбаларды көркем түсіре білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, ой - қиялдарын, өз бетімен шешім қабылдау, белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, жетекшілік қасиетін дарытуға, эстетикалық әсемдікті тани білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және т. б.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: Алдыңғы тарауда көріністер деп аталатын кескіндермен таныстық. Негізгі, қосымша және жергілікті көріністер туралы түсінік алдық. Сызбаны орындағанда көріністер саны ең аз болуы, бірақ нәрсенің пішінін осы сызба бойынша анықтауға жеткілікті болуы керек дегенбіз. Бір көрініс жеткіліксіз болса, нәрсенің екінші көрінісін салады. Бұл да жеткіліксіз болса, нәрсенің үшінші көрінісін салуға болады. Егер негізгі көріністер нәрсе бөлігінің пішінін анықтай алмаса, қосымша көріністі пайдалануға болады. Алайда іс жүзінде пішіні сызбадағы көріністер көмегімен ғана анықталмайтын тетікбөлшектерді кездестіруге болады. Мысалы, сомын (гайка) кілтінің сызбасына зер салып қараңдар (125 - сурет). Екі көрініс бойынша кілт тұтқасының пішінін анықтауға болмайды. Оның тіктөртбұрыш не сопақша тәрізді болуы мүмкін. Бұл жағдайда басқа негізгі не қосымша көріністердің де себі тимейді. Сондықтан нәрсенің пішінін толық ұғынуға, көріністер санын азайтуға және сызбаны орындау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін кескіндерді қолдану керек. Осындай кескіндердің бірі - қима. Қима - сызбаны оқуды жеңілдету үшін пайдаланылатын шартты кескін. Қиманың пайда болуын қарапайым сомын кілтінің сызбасын салып көрсетейік. 126, а - суретте кілттің қиғаш бұрышты фронталь диметриясы көрсетілген. Оның тұтқасын симметрия осіне перпендикуляр а жазықтығымен ойша қияйық. Осы а жазықтығын қиюшы жазықтық деп атайды. Қимада пайда болған фигура айқын көрінуі үшін сомын кілті қиылған жерінен шартты түрде ажыратылып, 126, ә - суретте көрсетілген. Қиюшы жазықтықты қима фигурасымен қоса, вертикаль осьтен (і) айналдырып, сызба жазықтығымен беттестіреміз (126, б - сурет). Сонда сомын кілтінің сызбасы негізгі бір көріністен және қимадан тұратынын көреміз. Енді кілттің сызбасы оның пішіні туралы толық мағлұмат береді.
Қима деп нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Нәрсенің киюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері қимада сызылмайды. Сызбада қима фигурасын сызықтап көрсетеді. Сызықтау тұтас жіңішке сызықпен орындалады. Оның жуандығы шамамен s/3 - ке тең деп жоғарыда айтылды. Сызықтау 45 - қа тең бұрышпен көлбейтін және арақашықтықтары 2 2, 5 мм болатын сызықтармен жүргізіледі. Қиюшы жазыктықтың сызбадағы орны үзік сызықпен көрсетіледі. Бұл жуан сызық қима сызығы деп аталады. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс. Қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық жүргізіледі. Бұл екі жіңішке сызықтың ұштары нұсқамалармен аяқталады (127 - сурет). Нұсқамалар қимаға қарау бағытын көрсетеді. Нұсқамалардың жанына кириллица (орыс) алфавитінің бас әріптері жазылады. Қиманы сызбада бос орынға салуға болады. Бұл жағдайда қиманың жоғары жағына "А — А" немесе "Б — Б" деп жазылады, яғни орыс алфавитінің бас әрпі сызықша арқылы екі рет жазылады. Қима сызбада түрліше орналасатынын байқаған боларсыңдар. 126 - суретте қима көріністің үстіне онымен қабаттастыра сызылған.

Үйге тапсырма беру: 132 - суретте көрсетілген тетікбөлшектердің бас көріністерін және көрсетілген қималарын сал. Аксонометриядағы өлшемдерді қималарға түсір.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 51
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 51
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика